Қазіргі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және экономиканың барлық саласын жаңғыртуға ерекше назар аударды.
Цифрлық шешімдерді дамыту мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, өндірістік процестерді оңтайландыруға, кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға жол ашады. Ал жасанды интеллект технологиялары еңбек өнімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және басқа да салалардағы жұмыстардың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.