Жыл басынан бері Ұлытау облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 3 500-ден астам дерегі анықталды.
Сәтбаев қаласында бір тәулік ішінде Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы ірі көлемді қоқыс тастаудың 4 дерегі тіркелді. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ескерту! Ескі жиһаз, тұрмыстық техника және өзге де ірі көлемді қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға шығару қажет. Оларды қоқыс контейнерлерінің жанына немесе басқа да рұқсат етілмеген жерлерге тастауға болмайды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП