Ұлытау облысында теміржол өткелінде тыйым салатын сигналға қарамастан қозғалысын жалғастырған жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқықбұзушылық Жезқазған қаласында бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Жедел басқару орталығының инспекторлары 1979 жылы туған азаматтың жүк көлігін басқарып, теміржол өткелінің кезекшісі тыйым салатын сигнал бергеніне қарамастан өткелге шыққанын анықтады.
Аталған дерек бойынша жүргізуші анықталып, заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті жүргізушілерге теміржол өткелдерінен өту кезінде бағдаршам сигналдары мен кезекшінің талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Тыйым салатын сигналды елемеу ауыр жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі!