Кездесу барысында «Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Абай Нұрланов сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, партияның алдағы мақсат-міндеттеріне тоқталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басымдықтар, Жайрем кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және елді мекеннің болашағына қатысты жоспарлар талқыланды.
Еңбек ұжымы өкілдері өз ой-пікірлерін білдіріп, өңірдің дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.