Бүгін «Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Жылу электр орталығының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар өздерін таныстырып, партияның 2031 жылға дейінгі саяси бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндады. Сондай-ақ өңірді дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қатысты басымдықтарға тоқталды.
Жиын соңында кандидаттар қатысушыларды 29 қараша күні өтетін сайлауға белсенді қатысып, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.