ӘРБІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА АЛУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН БЕРУ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын (бұдан әрі- Бағдарлама) бекітті.

Бағдарламаға еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен табысы бар, бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары және өзге де ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегі жоқ, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

Бағдарламада Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады:

25 млн теңге – Нұр-Сұлтан, Алматы және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекаралары шеңберінде олардың қала маңы аймақтары, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында;

15 млн теңге – басқа өңірлерде.

Бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ болып табылады.

Бағдарламаның негізгі талаптары:

Нысаналы мақсаты — бастапқы тұрғын үй сатып алу;

Бастапқы жарна — сатып алынатын тұрғын жылжымайтын мүлік болып табылатын кепілмен қамтамасыз ету құнының 20%-ы;

Қарыздың ең көп сомасы — кепілмен қамтамасыз ету құнының 80%-ы;

Ипотекалық тұрғын үй қарызының валютасы – теңге;

Сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі — 7%;

Ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі — 25 жылға дейін;

Бағдарламаның талаптарына сәйкес банктердің қарыздар беру және қызмет көрсету үшін қарыз алушылардан комиссия алуға құқығы жоқ.

Қарыз алушыларға қойылатын талаптар қоса қарыз алушыларға қолданылмайды, оларға қойылатын талаптарды банк өз бетінше белгілейді. Банк қарыз алушыларға, сондай-ақ кепіл заты мен құнына қатысты Бағдарламаға қайшы келмейтін қосымша талаптарды белгілеуге құқылы. Қарыз алушы банкке берілетін құжаттар мен ақпараттың шынайылығы үшін жауапты болады.

Ағымдағы мезетте бағдарламаға қатысу үшін жеке тұлғалардан өтінімдерді екінші деңгейдегі 8 банк қабылдайды: «Банк Центр Кредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «First Heartland Jýsan Bank» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ және «Сбербанк России» АҚ ЕБ.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысының аталған банктерінің филиалдары 8 544,8 млн. теңге сомасында қарыз алуға 826 өтінім қабылдады. Оның ішінде 4 768,2 млн. теңге сомаға қарыз беруге 456 өтінім мақұлданды.

Бағдарлама бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалына мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8(7212) 55-93-37 (3015, 3061, 3071), 55-93-20, сондай-ақ «Баспана» ипотекалық ұйымына тәулік бойы +7(727) 227-20-25 нөмірі бойынша немесе +7(727) 258-49-91 телефоны бойынша хабарласа алады.

Қосымша ақпаратпен «Баспана» ипотекалық ұйымының ресми интернет-ресурсынан мына сілтеме бойынша танысуға болады: www.baspana72025.kz .

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Қарағанды филиалының баспасөз қызметі

15:58
644

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020