​Кандидат «Өркен» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

2026 жылғы 27 қарашада «Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мәди Осажанов «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігінің басқарма қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтар мен жоспарларға тоқталды.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидат азаматтардың сұрақтарын тыңдап, оларды назарға алатынын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

—
13:45
11

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020