Қазақстанның інжу маржаны Ұлытау қандай керемет! Мұғалжар қандай ғажап!.. Бұлардың бәрі – байтақ даладағы қорықтар, жай ғана дамудың орталықтары емес, этностардың өсіп-өну орталықтары, «киелі орындардың» ең бір құдіреттілері.
П. Н. Савицкий , орыс географы.
Ұлы Дала – адамзат баласы жаралғаннан бері қилы-қилы заманалардың, әлемдік тарихтың өзегіне айналған небір айтулы оқиғалардың тұнба көзі болған кең байтақ кеңістік. Ұлытау – сол кеңістіктің кіндігі.
«Ұлытау» атауының мән-мағынасы мен топонимін түсіндіруге арналған төмендегі екі болжам ерекше назар аударуға тұрарлық.
Орыс зерттеушілеріпарсы және орыс жазба деректерінің негізінде «Ұрықтағ, Ұлықтағ» және «Ұлытау таулары» түркі-моңғол географиялық топонимінің аудармасының нұсқалары ретінде «Рулық тау» («ұрық»– моңғолдар мен түріктер де— «ұрпақ, туыс, ру, тайпа», «тағ» — тау) және жошы ұрпақтары үшін ерекше қастерлі Ұлытау, Алтын Орда хандарының жазғы жайлауы; Ұрықтағ,Ұлықтағ таулары — Тоқтамыс иеліктерінің оңтүстік-шығысындағы ең шеткі нүкте, естелік белгі Ұлытауға көрінер тұстағы шоқының төбесіне орнатылған деп пайым ұсынған.
Қазақ зерттеуші Ә. Нұрмағанбетұлы: «Ұлытау» атауы, қазіргі түсінігіміздегідей, «биік, үлкен тау» дегенді білдірмейді. Оның ертедегі тұлғасы «ұлық тау», немесе «ала тау», қалпында тіркесіп, тұңғыш мағынасы «шоқтық тау», «аласа тау» сияқты ұғымға мегзеген. Уақыт өте «ұлық тау», немесе «ала тау», дыбыстық өзгерістерге душар болуы нəтижесінде қазіргі кездегі «Ұлытау» атауы пайда болған»деген қызықты пікір айтқан.
Қазақ ғылымының шын мәніндегі, тұңғыш ұйымдастырушысы һәм әмбебап ғалым Қ.И. Сәтбаевтың: «Сондықтан Ұлытау жоталары қазақ даласының неше ғасырдан бергі тарихының ашық алаң, кең майданы болып келген. Талай хандар ордасын осы Ұлытауға тіккен. Талай батырлар жасағын осы Ұлытауға орнатқан. Сарысуға құятын Қаракеңгір дейтін өзеннің жиегінде атақты Шыңғыс ханның баласы Жошы хан мен Алаша хандардың мазарлары әлі күнге дейін бұзылмай тұр. Жыланшық өзенінің бастау көзі шығатын Ұлытаудың бір биігінде Ер Едігенің моласы бар деп жұрт аңыз етеді. Абылай да ордасын Ұлытауға тіккен, Ұлытаудың түстік бөктеріндегі «Хан төбе» дейтін жерде өткен ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында атақты Кенесары батырды Орта жүздің баласы басы Арғын Шеген би болып, ақ киізге салып хан көтерген» деп жазуы Ұлытаудың геосаяси салмағының қаншалықты маңызды екенін анық көрсетеді.
Ерте ортағасырларда Ұлытау-Жезқазған өңірін мекендеген оғыздар мен қимақтардың тарихы мен географиялық орналасуы жайында парсы тарихшысы Әбу Саид Гардизидің «Зайн-әл-ахбар», араб географы Әл-Идрисидің «Нузхат әл-Муштақ фи Ихтарак әл-Афак» атты шығармаларынан табуға болады. Отандық ғалым Б.Е.Көмековтың «IX-XI ғғ. Қимақ мемлекеті араб деректері бойынша» еңбегінде ортағасырлық араб деректерінің негізінде қимақ елі жан жақты сипатталған еді . Шығыстанушы Б.Е.Көмековтың қимақ елінің географиясы, керуен жолдары туралы мəліметтері Ұлытау өңірінің ортағасырлық топонимдерін анықтауда, жаңа тұжырымдарға жол ашады.
Ұлытау өңірі ортағасырларда бірнеше ірілі-ұсақты тарихи және саяси оқиғалардың алаңы болғаны белгілі. Соның ішінде Жошы ұлысының (Ұлық ұлыс) тарихына тоқталуды жөн көрдік.
Жошы ұлысының ең алғаш шаңырақ көтерген кезеңіне қатысты аса маңызды мәліметтерді, даосизм дінінің негізін қалаушы ғұлама, сопы Чань Чуньнің жолжазбасынан көруге болады.Ол Шыңғыс хан ордасын тіккен түсті металға бай өлке туралы мәлмет қалдырған.«Жергілікті тұрғындар ыдыс-аяқтарын таза мыстан немесе мыс қорытпаларынан, ал соғыс қаруларын суарылған темірден жасайды»,- деп жазған ол, қаланың өмірін былай сипаттайды:«Қаладағы барлық базар алтындай жарқ-жұрқ еткен мыстан жасалған ыдыс-аяққа толы, тұрғындарының киген киімдері даостардікі секілді өте ыңғайлы.Басқа тауарларды былай қойғанда, қайшы мен бізге дейін таза алтыннан жасалған» . Осы жерде «Шыңғыс хан білімі көп адамдарды қатты бағалаған» деген неміс ғалымының пікірі дұрыс па, деп ойлаймын.
Жошының ДештіҚыпшақ даласына келуі туралы парсы авторыəл-Жузжанидің «Табакат-и-насири» шығармасында былай деп жазады: «Туши ( Жошы . — Қ.Ә.) и Чагатай, управившись делами хорезмскими, обратились на Кипчак и Туркестан, покорили и заполонили одно за другим войска и племена кипчакские и подчинили все (эти) племена своей власти» . Жошының əкесі Шыңғыс ханға қарсы шығып, сол себептен оны əкесінің бұйрығы бойынша өлтіртуі туралы мəлімет əл-Жузжаниде келтірілген: «Когда Туши, старший сын Чингиз хана, увидел воздух и воду Кипчакской земли, то он нашел, что во всем мире не может быть земли приятнее этой, воздуха лучше этого, воды слаще этой, лугов и пастбищ обширнее этих. В уме его стало проникать желание восстать против своего отца; он сказал своим приближенным: «Чингиз хан сошел с ума, что губит столько народа и разрушает столько царств. Мне кажется наиболее целесообразным умертвить отца на охоте, сблизиться с султаном Мухаммедом, привести это государство в цветущее состояние и оказать помощь мусульманам». Проведал о таком замысле брат его Чагатай и известил отца об этом изменническом плане и намерении брата. Узнав (это), Чингиз хан послал доверенных лиц своих отравить и убить Туши» . Алайда Жошы мен Шағатай арасындағы келіспеушіліктер Шағатайдың Жошыны «меркіттің сыйлығы» деп айыптауы туралы «Монғолдың құпия шежіресінде» айтылады . Жувейнидің «Тарих-и-джехангуша» еңбегінде: «Ту зиму ( 1222–1223 жж . – Қ.Ә.) Чингиз-хан пробыл в пределах Самарканда и послал к старшему сыну своему Туши гонца с приглашением также приехать туда из Дешт-и-Кипчака и позабавится охотою, главным образом, на диких ослов» . Жошы əкесімен тек көктемде Құлан басы деген жерде кездесіп, 20 000 жылқы сыйлайды . Бұл мəліметтер Жошының Дешті-Қыпшақты мекен еткенін көрсетеді. Бірақ нақты қай жерлерде болғандығы айтылмайды. Жувейни Жошының Құлан басынан қайтқанан кейін қайтыс болғанын жазады: «Когда Туши, старший сын Чингиз-хана, прибыл к нему, к пределам Кулан-баши, и оттуда ушел назад, настал (для него) заповедный срок» . Бірақ қай жерде қайтыс болғаны жазылмайды.
Жошының хандық құруы туралы парсы тарихшысы Фазлаллах Рашид-ад-диннің «Жами ат-тауарих» шығармасында біршама мəліметтер келтірілген. Рашид-ад-диннің мəліметтеріне сүйенсек, Шыңғысхан əскерлерінің Орта Азияға жорығынан кейін де Жошының ордасы Ертіс өзенінің бойында орналасады: «Чагатай и Угедей отправились к отцу и у крепости Талькан явились (к нему), а Джучи прямо из Хорезма двинулся к Ирдышу, где находились его обозы (угрук) и присоединился к своим ордам» . Рашид-ад-дин Жошының өліміне байланысты қызықты дерек келтіреді. Оның қысқаша сюжеті келесідей: Шыңғыс хан Жошыға солтүстік облыстарды жаулап алуға бұйрық береді. Бірақ ол бұдан бастартып, өз бетімен кетеді. Шыңғыс хан қатты ашуланып, оны жазаламақшы болады. Осы уақытта Жошы ауырып қалады. Шыңғыс хан өз ордасына келгенде, Жошы оған келе алмай, тек сыйлықтар жібереді. Одан кейін де Шыңғыс хан Жошыны бірнеше рет шақыртады. Ол ауырып жатқандықтан келе алмай, кешірім сұрайды. Бір жолы манғыт руының бір адамы Жошы жұртынан келіп, Жошының аң аулап жүргенін көргендігін айтады. Мұны естіген Шыңғыс хан қатты ашуланып, Жошыға қарай Шағатай мен Үгедейді аттандырып, өзі де жорыққа шықпақшы болып жатады. Осы кезде Жошының өлімі туралы хабар келеді. Жағдайдың анық-қанығына жеткенде манғыт руының адамының айтқаны өтірік болып шығады. Оны іздестіргенде із-түзсіз жоқ болып кетеді . Жошының өлімінің себептері Əбілғазының «Түрік шежіресінде» айтылмайды. Тек Шыңғыс хан Қытай жорығында жүргенде «Жошы хан бұл кезде өлген еді» дейді жəне «Жошы хан əкесінен бұрын өлді», «Шыңғыс хан Жошының өлгенін естіген соң қатты қайғырып, аза тұтты» деп жазады . Жошы туралы көп мəліметтер келтіргенімен, Əбілғазы оның өлімінің себебі туралы, қай жерде өлгені туралы ешқандай мəлімет бермейді.Жошының қай жерде өлгені туралы тек Өтеміс қажының «Шыңғыснамесінде» мəлімет беріледі:«Йочи-хан был старшим из его сыновей. Он [Чингизхан] дал [ему] большое войско и отправил, назначив в вилайете Дашт-и Кыпчак, сказал: «Пусть будет пастбищем для твоих коней». Дал [ему также] вилайет Хорезм. Когда Йочи-хан отправился в вилайет Дашт-и Кыпчака, он достиг Улуг-Тага, который известен. Однажды, когда он охотился в горах, ему повстречалось стадо марал-кийиков. Преследуя и пуская стрелы, он свалился с коня, свернул себе шею и умер» . Осы дерек Жошының не себептен Ұлытауда жерленгендігін түсіндіретін сияқты. «Шыңғыснамені» зерттеген қазақстандық шығыстанушы В.П.Юдин шығарманың ортағасырлардағы тарихы үшін маңызы зор екенін, оның Шыңғысханның ұрпақтарының жəне Дешті-Қыпшақ тайпаларының өкілдерінің əңгімелерінің негізінде жазылғанын айтады . Сондықтан «Шыңғыснаме» деректері күмəн тудырмайды. Бұл жағдайды «Шыңғыснамені» жариялаудағы жауапты редактор Б.А.Ахмедов те айтады. Мысалы, ол Жошы ханның өлуі туралы «Шыңғыснаменің» мəліметіне назар аударады . Жошының қайтыс болған жері туралы нақты мəлімет тек «Шыңғыснамеде» айтылады. Ол Ұлытау таулары, Жувейнидің дерегі бойынша, Жошы Құлан басыдан қайтқаннан кейін қайтыс болады. Бірақ Рашид-ад-дин Жошыны «бір жұрттан бір жұртқа көшіп жүріп, аң аулайтын жері болып табылатын тауға келді» деп жазады . Бұл Ұлытау тауы екені анық.Жузжани мәліметінше, Жошы Құлан басыдағы кездесуден кейін, əкесінен алшақтап, Рашид-ад-диннің айтуынша, оған бармай, Ертістегі ордасынан Ұлытауға қоныс аударды деп қуаттайды Өтеміс қажы мен Рашид-ад-дин. Жошының Ұлытауда жүрген жерінде, Жузжанидің жазуы бойынша, «Шыңғыс ханның сенімді адамдары», монғолдың дəстүріне сəйкес «құрметті өлім» жазасын орындайды. Рашид-ад-дин Жошының қайтыс болғандағы жасы, «Жошы ұлысынан келген адамдардың айтуы бойынша», 30 бен 40 жастың аралығында болу керек деп мəлімдейді . В.В.Бартольд 1225 жылы Жошының жасы 40-тан кем болмау керек, себебі 1206 жылы Үгедейдің ұл баласы болды деп жазады . Жошы ханның тарихына байланысты мəліметтерден кейін, Ұлытау өңірі жазба деректерде, тек Шайбанның ұлысының орналасуына жəне Тоқтай ханның қайтыс болуынан кейін Жошы ұлысының екіге бөлінуіне байланысты ғана мəліметтерде кездеседі.Зерттеуші А.А.Семенов С.Лен-Пульдің мəліметтеріне сүйене отырып, Шайбанның жаз уақыттарында Орал таулары мен Елек жəне Ырғыз өзендерінің аралығында көшіп жүретіні, ал қыста Сырдария, Шу жəне Сарысу аумағында қыстайтынын есепке ала отырып, «Шейбан ұлысының шекарасы ұзақ уақыт сақталып тұрды деуге болады, əрине, көшпелілердің қозғалғыштығын ескерсек, шекара тұрақтылығы деген ойлауға келмейді» деген пікір білдіреді .
Ал «Ескендір анонимінде» Тоқта ханның өлімінен кейін Жошы ұлысының екіге бөлінгендігі туралы айтылады: «После этого улус Джучи разделился на две части. Те, которые относятся к левому крылу. То есть пределы Улуг-тага , Секиз-ягача и Каратала до пределов Туйсена, окрестностей Джен-да и Барчкенда, утвердились за потомками Ногая, и они стали называтся султанами Ак Орды» .
Бұл мәліметтер Ұлытау өңіріндегі Ұлық ұлыстың саяси, тарихи мәні мен маңызын ашып, жаңа ойларға жетелері анық.
Ұлытау өңірінің ортағасырлық тарихтан көрініс алатын кезі Əмір Темір, Едіге есімдерімен байланысты.
Əмір Темірдің Ұлытау өңіріне алғаш аяқ басуы Низам-ад-дин Шамидің «Зафарнаме» шығармасындағы мəліметтерге сүйенсек, шамамен 1387 жылдың күзінде еді . Бұл оқиға Тоқтамыстың Əмір Темірден бөлектеніп, Түркістан өлкесіне жорық жасауынан басталды. Низам-ад- дин Шамидің жазбасы бойынша, Тоқтамыс Ходжент өзенінен өтіп, оның əскерінің авангарды Зернук деген жерге дейін жетті. Темір əскер жинап, Ходжент өзенінде қарсыласының əскерін жеңіліске ұшыратады. Одан кейін Темір əскерлері қарсыластарына түнгі шабуыл жасап, қарсы жақ Арыс өзеніне өтіп қашады. Темір əскерімен қашқан əскердің соңына түсіп, Ходжа-Шейхты, Тублакты, Қараханды, Аман-шахты жəне Дəулет-шахты қырық сарбазымен барлауға жібереді. Олар Сары-өзен деген жерде Тоқтамыстың қарауыл əскерімен кездесіп қалып, шайқасады . Мұндағы Сары-өзен деп аталатын жер Ұлытау өңірі арқылы оңтүстікке қарай ағып өтетін Сарысу өзені. Қайтып келе жатқанда барлаушылар Кыдба-тарханға кездесіп қалады. Низам-ад-дин Шами онда «жүз шақты шаңырақ болды» деп жазады. Үлкен ұрыс болып, Кыдба-тарханды тұтқындаған əскер, оның үйлерін жəне мал-мүлкін Ақсүмедеген жерге апарады . Одан кейін Темір əскерлерімен «Урунг-Чагыл арқылы өтіп, Биланғакеледі, Сары-өзеннен жəне Курчуннан өтіп, Ал-Кушунда тоқтайды» . Курчун — Ұлытау өңіріндегі Күршім құмдары болуы керек.Темірдің жорықтары туралы Шереф-ад-дин Йездидің «Зафарнамесінде» де баяндалады. Жошы ұлысының тарихына қатысты материалдар жинағын дайындаушылардың түсініктемесінде Шереф-ад-дин Йезди өзінің шығармасында Низам-ад-дин Шамидің «Зафар-наме» еңбегін пайдаланғандығы айтылады . Екі шығарманың мəтіндері бір-бірімен ұқсас екені, еңбекті оқыған адамға белгілі.
Əмір Темірдің Ұлытау өңіріне екінші рет келуі Дешті-Қыпшаққа жорығымен байланысты. Низам-ад-дин Шамидің «Зафарнамесінде» Əмір Темірдің 1391 жылы Қара-Саман деген жерден Дешті Қыпшаққа жорығын бастағаны жазылған . Осы деректе Темірдің Ұлытау жерінен жүріп өткен маршруты келесідей сипатталады: «Пройдя Карачук, шли еще 15 дней. От безводья много лошадей погибло. 1 числа джумади (=6.IV) прибыли в местность Сарыг-узен и воды стало много. Пробыв несколько дней, они искали переправу и перешли через речку» . Əмір Темір бұл жорығының бастапқы кезінде алғашқы келген маршрутымен жүрген болса керек. Сондықтан Низам-ад-дин Шами Темір əскерінің Ұлытау өңіріне жеткенге дейінгі жолын атамайды: «21 (того же) месяца (=26.IV) войска прибыли Кичик-даг , выступили оттуда и через две ночи, в пятницу, достигли Улуг-дага. Тимур взошел на вершину горы, осмотрел (местность), (эта была) степь и в степи — пустыня. Он остановился там на тот день и приказал, чтобы все воины принесли камни и построили там высокий знак. Каменотесам он приказал изобразить на нем высочайшее имя и дату этих дней, дабы на лице оставалось воспоминание об этом походе» . Бұл жерде айтылатын Кичик-даг пен Улуг-даг қазіргі кездегі Кішітау мен Ұлытау таулары екені анық.
Әмір Темірдің «жорықты тарихта қалдыру» мақсатындағы тасқа қашатқан жазуы Ұлытау өңірінде, қазіргі Сарлық ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан Алтыншоқы деген жерде өткен ғасырдың 30-шы жылдарына дейін сақталып тұрды. 1935 жылы ол тасты академик Қ.И.Сəтпаев тауып, өзінің «Жезқазған ауданындағы тарихқа дейінгі ескерткіштер»» мақаласында жариялайды: «В 30 км на запад от Улутау, на вершине горы Алтынчоку, возвыщающейся над богатыми пастбищами долины рек Сорелы и Джетыкыз, имеются развалины какого-то древнего сооружения, сложенного из кирпича и красивых амфиболитовых плит с ошлакованными и глазурованными поверхностями. Рядом с развалинами несколько ниже по склону горы, установлена каменная плита из тех же темных амфиболитов, на которой красивым арабским шрифтом высечены на камне 10 строк письма на арабском языке» . Бұл тастағы жазудың Темірдің Дешті-Қыпшаққа жорығының айғағы екенін жаза отырып, тасқа Ленинград Эрмитажының директоры академик Орбели қызығушылық танытқанын, 1936 жылы Эрмитаждың ғылыми қызметкері Морозов келіп, тасты Ленинградқа алып кеткенін жазады .
Темірдің Дешті-Қыпшаққа жорығына қайтып оралатын болсақ, Ұлытау тауларынан кейін, ол осы өңірді тастап, жорығын жалғастырады: «Выступив оттуда и охотясь, они достигли местности Иланчук и отстановились (там). Перейдя через реку Иланчук, через 8 дней они прибыли в местность Анакаркуюн» . Осыдан кейін Әмір Темір əскерлерімен Ұлытау өңірінің жерінен шықты.
Едіге бидің тұлғасы батыс (орыс) және шығыс деректерінде өте жағымсыз жағынан баяндалады.Араб тарихшысы ибн-Арабшах қана Едіге мырзаның бейнесі мен істерін екі жақты қарастырған.
Қазақтың ойшыл ғалымы Қадырғали Жалайыр Едігенің шығу тегін былай баяндайды: «Əуелгі бабасы Əмір əл Момын Əбу Бəкір əл Садық Рази алланың төрт ұлы бар еді. Екеуінен кішісі — ұлысы, оның аты Мұхаммед еді. Оның ұлы Сұлтан Каиб, оның ұлы Сұлтан Хамид. Оның ұлы Сұлтан Халид, оның ұлы Сұлтан Қайдар. Оның ұлы Сұлтан Маулид, оның ұлы Əбу-л-фана, оның ұлы Сұлтан Сəлім. Оның ұлы Сұлтан Садық, оның ұлы Сұлтан Əбу-л-хақ. Оның ұлы Сұлтан (Осман еді). Оның ұлы Жалаладдин. Оның екі ұлы бар еді, бірінің аты — Адхам жəне бірінің аты Баба Туклас еді. Баба Тукластың белгілі үш ұлы бар еді. Бірінің аты Аббас, бірінің аты Абдрахман Хожа. Үшінші ұлының есімі Тырма атты еді. Бұл Тырма Еділ-Жайықта (Хасил) қаза болды. Оның ұлы Карачи атты еді. Ол да Еділ-Жайықта қаза болды. Оның ұлы Ислам Қия, ол да Еділ-Жайықта қаза болды. Оның ұлы Құтлу Қия, Құмкентте қаза болды. Оның ұлы Едіге би (Алла оған рақым етсін). Құтлу Қияны Урус хан шаһид қылды» .
Ибн-Арабшах Едігенің бет-бейнесін: «Ол қоңырқай өңді, орта бойлы, толық денелі, жаужүрек, түрі қорқынышты, өте ақылды, көреген жəне тапқыр адам еді», — деп сипаттайды . Жалпы, ибн-Арабшах Едігенің өміріне байланысты көп мəліметтер келтіреді. Тарихи аренада Едіге Тоқтамыспен қатар пайда болғаны белгілі. Низам-ад-дин Шами мəліметтері бойынша, ол уақытта Темір Бұқара маңында болған, ал Тоқтамыс хижраның 778 жылы (1376– 1377 жж.) Орыс ханның баласы Тоқтақиядан жеңіліске ұшырап қашқанда, Темірдің ордасына Орыс ханнан қашып Жошы ұлысының əмірі Едіге келіп, оның Тоқтамысқа қарсы үлкен əскермен аттанғаны туралы хабарды əкеледі . Кейіннен 1391 жылға дейін Едіге Ақсақ Темірге қызмет етіп, Тоқтамысқа қарсы күресінде көмектеседі. Шереф ад-дин Йезди Əмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы Дешті-Қыпшаққа жорығында Темір Құтылық оғлан, Күнше оғлан жəне Едіге жолбастаушы (қылауыз) қызметін атқарғандарын жазады . Шереф ад-дин Йезди жазбасындағы бір қызық мəлімет, Темір əскерлері Сарысу өзенінен өткен кезде «Едігенің екі нөкері түнделетіп Тоқтамысқа қашты, Темірдің жіберген қуғыншылары оларға жете алмады» деп жазады . Бұл мəліметке қарағанда, Едіге қаншалықты Темірдің жақтасы болса да, түпкі ой-мақсаты өз мемлектінің жағдайы болғанға ұқсайды. Тоқтамыс жеңіліске ұшырағаннан кейін Едіге Темір-Құтылық жəне Күнше оғландармен бірге туған жерге оралады. Бұл туралы Низам-ад-дин Шами былай деп жазады: «Дело обстояло так, что Кунче-оглан, Тимур-Кутлуг и Идигу, которые были старинными врагами Токтамыш хана, пришли искать убежища у Тимура. Он встретил их с почетом, оказал им всяческую ласку и милость и пожаловал им драгоценные камни, золото, шапки и пояса. (Теперь) преклонив колена, они просили: «Если выйдет высочайшее указание, мы пойдем по своим домам, приготовим их для переселения и придем к его величеству». Тимур согласился на их просьбу и приказал, чтобы никто не трогал их домов и иля; он поставил условие, чтобы они вскорости пришли с семьями и родными и были бы обнадежены еще большими милостями. С этим условием и обязательством они ушли. Однако, как только они прибыли свои дома, то сделали своим лозунгом неверность, стали забывать обещанное и не соблюли своего слова. Тимур-Кутлуг-оглан сел на царство» . Бұдан Едіге мен Темір Құтылық Әмір Темірдің мүмкіндігін пайдаланып Жошы ұлысын біршама болса да қалпына келтіруге бар күштерін салғандығын анық көруге болады.Едіге«Алтын ұрық» ұрпағы болмағындықтан, хан болуға құқығы жоқ екенін біліп, Орыс ханның немересі Темір-Құтылық оғланды хан көтеріп, Алтын Ордада билік құрады. 1397–1398 жж. Темір- Құтылықтың жарлығы бойынша Жошы ұлысының барлық əскерінің басшысы беклербек болып жарияланады. Темір-Құтылықтың хан болуымен, нақты Едігенің билік құруы кезеңінде Алтын Орда аз уақытқа болса да қайтадан күшейеді. Тіпті, Əмір Темір қайтыс болғанан кейін, 1406 жылы Хорезмді өздеріне қаратып алады.Он бес жылға жуық Жошы ұлысында билік құрған Едігеге 1410–1411 жылдары шамасында Тоқтамыстың Жəлел-ад-дин бастаған балалары жəне өзі таққа отырғызған Темір хан қарсы шығып, Хорезмге қашуға мəжбүрлейді. Тек Жəлел-ад-дин мен Темір хан арасындағы қақтығыс Едігенің күйреуін аяқсыз қалдырады. Темір ханның қол астындағы Ғазан деген əскер басы сатқындық жасап оны өлтіріп, Жəлел-ад-дин жағына шығып кетеді. Едігені құртуға келген Жəлел-ад-диннің əскері жеңіліске ұшырап, Едіге Хорезмде билік құрады.
Едігенің өліміне байланысты мəліметтер ортағасырлық араб авторлары əл-Айни мен ибн- Арабшах жазбаларында сақталған. Мысырлық тарихшы, Едігенің замандасы əл-Айнидің жазуы бойынша, 1419 жылы Едіге Тоқтамыстың балаларының бірі Қадірбердімен шайқасады: «У Токтамышхана был сын по имени Кадірберди, который постоянно воевал с Идики ( Едіге . – Қ.Ә.)из- за царства. В этом, т.е. 822, году Кадирберди (снова) пошел на Идики; а Идики (со своей стороны) выступил против него. Встретились они, и произошли между ними бой великий и сражение ожесто- ченное» . Осы шайқас барысында Қадірберді қаза тауып, Едіге ауыр жараланады. Бұл туралы əл-Айнидің жазбасында «Кадирберди (сам) был убит во время схватки, и соратники его бежали. Идики также был поражен множеством ран, и войска его также обратились в бегство» деп айтылады . Едіге Қадірберді жеңіске жетті екен деп қашады: «Идики бежал, предполагая что Кадирберди победил. Покрытый ранами, он прибыл в одно (отдаленное место)» . Əл- Айнидің айтып отырғаны «алыс жері» Ұлытау таулары болуы керек, себебі Едігенің жерленген жері Едіге деп аталатын тауда орналасқан. Әл-Айнидің жазуы бойынша, Едіге 1419–1420 жж. қаза тапқан. Ал, Б.Д.Греков жəне Ю.А.Якубовскийдің зерттеуінде Едігенің 1419 жылы тірі болғандығы туралы польша тарихшысы Ян Длугоштың мəліметтері келтіріледі. Онда Едігенің Польша королі Витовтқа елшілік жібергені айтылған екен . Олар шайқастың Сарайшық қаласының тұсында болуы мүмкін екендігін атап өтеді . Қ.Жалайыр «бұл Едіге би алпыс үш жасында опат болды» деп жазады .
Ұлытау тауларының бір сілемі Едіге тауы. Оның басында Едігенің тастан қаланған бейіті бар екені ертеден белгілі. Бұл туралы Мəшһүр Жүсіп шежіресінде мынандай аңыз бар: «Ер Едігенің өзі тұрақ қылған жері Ұлытау, Кішітау екен. Өзі өлерінде Ұлытаудың басында отырып, Кейқуаттың сөзінен құса болып жарылып өлген екен. Сонда өлерінде айтқан екен: «Мені бұл жерге жер қазып көмбеңдер, қорған тас қалап қойыңдар, Нұралы жер үстінде бар болса, «Ат айналып қазығын, диірмен айланып шүмегін табар», — дегендей бір табар. Сонда мені Қаратаудың бауырында Қарақалпақ атасы Созақтың қара обасының қасында Бабай түкті Шашты Əзіз атам бар, соның қасына апарып қойсын деген өсиетімен денесін сонда апарып қойған екен. Ұлытаудағы аманат қойған екен. Ұлытаудағы аманат қойған жайын «Ақ мешіт əулие» деп атап кетіпті»деуі, ойды сан-саққа жүгіртері анық.
XV ғасырдың орта тұсында құрылған Қазақ хандығының саяси тарихында Ұлытау жері мемлекеттердің тағдыры шешілген ірі қақтығыстардың орталығы һәм куәгері болған еді. Сондай оқиғаның бірегейі Ұлытау шайқасы.
1505-1510 жылдар аралығында Мұхаммед Шайбани хан қазақтарға қарсы төрт рет жойқын жорықтар ұйымдастырады. Оның алғашқы үшеуі біршама табысты өтеді. Осы үш жорық барысында Сыр бойында қыстайтын Жәнібек хан ұлдарының ұлыстары көп шығынға ұшырайды. Сол жылдардағы қазақ билеушісі Бұрындық хан тарапынан жауға қарсы ешқандай қарсылық ұйымдастырылмайды. Бұл жағдай оның ел ішіндегі беделін түсіріп жібереді . Үш жорық барысында бірнеше қазақ ұлыстары талан-таражға түскенімен Мұхаммед Шайбани хан өзінің түпкі мақсаты — Қазақ хандығын бағындыруды жүзеге асыра алмайды. Сөйтіп, ол 1510 жылы қазақтарға қарсы өзінің төртінші, соңғы жорығын ұйымдастырады.XV ғасырдың соңғы жылдары жасалған келісімдер мен туысқандық байланыстар Керей хан ұлдары мен Жәнібек хан ұлдары арасына сызат түсіреді. Бұрындық ханның Мұхаммед Шайбани ханмен жасаған туыстық байланысына қарсылық ретінде Жәнібек ханның ұлдары Моғолстан ханымен туыстық байланыстар орнатады. XVI ғасырдың басындағы Мұхаммед Шайбани ханның алғашқы үш жорығында Сыр бойындағы Жәнібек хан ұлдарының ұлыстары талқандалады. Бұрындық хан тарапынан ортақ жауға қарсы ешқандай әрекеттер жасалмайды. Бұл да Қазақ хандығының негізін салушылардың ұлдары арасындағы сызаттың тереңдей түскенін көрсетеді. 1510 жылғы Ұлытау шайқасы қарсаңындағы Қазақ хандығының билеуші топтары арасындағы жағдай осындай болатын. Бұған дейінгі жорықтар секілді бұл төртінші жорық та қыс айларында басталады. Өйткені, қазақ ұлыстары шаруашылық жағдайларына байланысты қыс айларында бір-бірінен өте алыс орналасатын және әрбір ұлыс көрші ұлыста не болып жатқанынан бейхабар болатын. Сол кезде Қасым ханда 200 мыңнан аса әскер болған еді. Қыста оның әскерлері әр жерде қыстап шығатын. Осындай заңдылықты жақсы білетін Мұхаммед Шайбани хан қазақтарға жорықтарын тек қыста ұйымдастырып отырды. 1510 жылдың қысында шибанилық билеуші көп әскерімен Дешті Қыпшақ аумағына басып кіреді. Ханның өзі Сыр бойындағы Көк Кесене деген жерде қалып, ұлы Темір сұлтан мен немере інісі Ұбайдаллах сұлтан бастаған барлық әскерді Ұлытау маңындағы Қасым ханның ордасына аттандырады.«Қасым ханның ордасына Темір сұлтан мен Ұбайдаллах сұлтан бастаған әскер кенеттен соққы берді. Қасым ханда оларға қарсы тұрарлықтай күш болмады. Сөйтіп, оның Ұлытаудағы Ордасы мен ел-жұрты сұлтандардың қолына түсті. Тәжірибесі аз жас сұлтандар жеңістерін бірнеше күн бойы Қасым хан ордасында тойлап, қарсыластарынан ешқандай қауіп күтпеді, жау бар екенін естеріне де алмады, күзет те қоймады» . Одан арғы оқиғалар барысы Абдаллах Балхи мен Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінде былайша жалғасады: «Қасым хан шибанилық сұлтандардың қаннен-қаперсіз екенін білгеннен соң, жағдайдың бәрін анықтау үшін барлауға өзінің сенімді адамдарының бірі — Мойынсыз Хасен деген батырын азғантай адамдармен жібереді. Қасым ханның батыры қарауылы жоқ ордаға өте жақын келіп, Қасым хан келіп қалды деп қауесет таратады да, тікелей ұрысқа түспей алыстан қарасын көрсетіп отырады. Қатты қорқып қалған шибанилықтар бір-біріне қарауға мұршалары келмей, бойларын үрей билеп, қаша бастайды. Ешкімнің ойына қарсылық көрсету туралы ой да келмейді. Шайбани ханның әскерлері, сірә Қасым ханның өзі келген екен деп ойлап, алған олжаларының бәрін тастап, Шайбани ханға қашып келеді» , «Жау тасадан шығып, ұрыс салды, ұрыс майданында көп адам қаза тапты. Сол ұрыста Шайбани ханның аға бегі Қамбар мырза қаза тапты. Әскердің барлық қару-жарағы қазақтардың қолына түсті. Қашқан шибанилық сұлтандар аянышты күйде Шайбани ханға келіп қосылды. Олардың соңынан өкшелей қуған қазақтар тағы да Шайбани ханның көп адамының көзін жойды. Олардың ішінде ханның ең жақын серіктері көп еді» . Қазақ хандығының тарихын зерттеуші ғалым Берекет Кәрібаев осы оқиғаны төмендегідей тұжырымдайды: « Ұлытау шайқасындағы қазақтардың жеңісі — бір жағынан, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалса, екінші жағынан, бүкіл «мұсылмандардың қорғаушысы» болуға ұмтылған Мұхаммед Шайбани ханның Иран мен Ирак бағытына жасалатын болашақ жорықтарына тосқауыл болып саналды».
Ұлытау өлкесінде XIX ғасырдың орта тұсында өмір сүріп, шежіреге Бағаналының төрт босағасы болып енген аға сұлтан болған Ерденнің әкесі Сандыбай, Қадір би, Шегір би, Бабыр би жайлы деректер ел аузында әлі күнге дейін сақтаулы.
Бағаналының төрт босағасының құрылуы, төрт би сайлау көптің мақұлдауымен шешіледі. Сайланатын билерге де төрт талап қойылды. Олар біріншіден, елдің қыстауы мен жаз жайлауын кеңейтіп, жаңадан жер әперген кісі болуға тиісті, екіншіден, ел басқарып, көпті сөзіне ұйытқан адам болуы керек, үшіншіден, әрісі Үш жүз бас қосқан, берісі көрші ағайындармен жиынға қатысып, суырылып шығып сөз бастаған әділ билік айтқан би болуы шарт, төртіншіден руы өсіп-өнген, беделді, ұран тасталса, бір ту астына жиналар сайыпқыран жігіттері көп, қол бастайтын жүректі адам болуы керек. Бағаналының төрт босағасы Қадір, Сандыбай, Бабыр, Шегір-бірі би, бірі батыр, бірі әулие, бірі ділмар шешен еді. Олар XVIII-XIX ғасырлардың ортасында өмір сүрген. Бұл қазақ қауымының өміріндегі құбылмалы, қиын және қасіретті кезең еді. Ұлытаудың төрт бұрышын күзетіп, ел ішін әділдікпен билеген. Ел іші болған соң, жер дауы, жесір дауы, барымта дегендей, дау-дамай болмай тұрмайды, әрине. Ілуде бір сондай дау қуған жандардың аяғы Ұлытауға іліксе, қуғыншы келген тұста отырған бидің ауылы алдынан ақ үй тіктіріп, қой сойып қарсы алатын бопты. Жата-жастанған қонақтың көңілі әбден жайланды-ау деген күні төрт би түгелімен «Ассалаумағалейкүм!» деп есіктен кіріп келеді екен. Атақты төрт бидің бәрі алдына сау етіп кіріп келіп, керек жерінде түйінді мәселенің төрелігін айтқан соң, дау қуып келушілер айтар сөзін айта алмай абдырап, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дескен осы екен ғой деп, қайта өздері ат-тон айыбын төлеп құтылатын болыпты. Бабыр би Бөкенбайұлы 1770-1864 жылдары өмір сүрген. Соқыр адамның көзін ашатын емші, көріпкел болған, сүйегі Түркістанда, Әзірет Сұлтан кесенесінің қасына жерленген. Әйелдер босана алмай қиналғанда, Бабыр би бір Аллаға жалбарынып, қамшысын жоғары қарай сілтеп қалғанда, іште жатқан бала шар етіп жарық дүние есігін ашатын болыпты, дейді ел ішіндегі аңыз.
Елді ауыз бірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Шегір биге айтқызатын болған. Шегір бидің: «Қасиетті Кәдір аға, Ұлытаудың күн сүйген шығысын сізге, батыс бетін Бабыр көкеме, теріскейін Сандыбай ағама, өзіме оңтүстік-шығысын еншіге бөлдім» дегені, сондай-ақ «Ұлытау жерін құдай жаратты, бөлуін Шегір болді» деген сөз ел жадында сақталып қалған . Қазақ этнотарихының бiлгiрi Ақселеу Сейдiмбек «Балталы, Бағаналы ел аман бол» атты шежiре кiтабында былай деп жазады: «Билiктi Қадiр биге жүктеген екен, алайда ол ағайынның көңiлiне қарап, өздерiң бөле берсеңдершi» дептi. Сонда Шегiр отырып: «Екi Кеңгiрдi Сары Сарғалдақ пен Жырық алсын (мұнысы Сарыкеңгiр мен Қаракеңгiрдi Ерден мен Қадiр би алсын дегенi), екi Жездiнi Ибеске мен Жұртшы алсын (мұнысы Үлкен Жездi мен Бала Жездiнi Бабыр елi қоныстансын дегенi), Ырғайлы өзенi мен Байқоңыр өзенiн Ақтазға берiңдер (мұнысы өзiн айтқаны)», – дептi. Сонда Қадiр би: «Оу, Бозжорға-ау (Шегiрдi осылай атайды екен), мұның не?» – дейдi. Бұған Шегiр: «Қалағаныңды өзiң ал, тастағаныңды iнiңе бер», – деп жауап берiптi.Осымен бiтiмге келiп, келiсiммен тарқасып едi», – дейдi.Осы билiктен кейiн: «Ұлытауды жаратуын Құдай жаратқанмен, бөлуiн Шегiр бөлген» – деген сөз қалған.
Кәдір би зерттеуші Қ.Т.Аппазовтың дерегінше 1770 жылдары дүниеге келіп,1855 жылдары 85 жасында дүниеден озған.
Бағаналы елінде ағайынды Төлек пен Тулақ – елге есімі жайылған батырлар екен. Төлек қартайған шағында жауға аттанғанда баласы Сандыбайды ертпесе керек. Бірақ сайланып аттанған қолға елеусіз қосылған баласының ұрыстағы ерен қимылын көрген Төлек батыр қол жайып, бата беріпті деседі. 16 жастағы Сандыбай сол ұрыста батыр атанып қайтыпты.Ел ішінде«Сандыбай салған сара жол, Ерден тоқтаған көл» деген қанатты сөздер сақталған. Ел мен жерді сыртқы жаулардан қорғауда ерекше көзге түскен Сандыбай құрметіне бағаналы баласының жауға шабардағы ұраны – Сандыбай болып бекітілген дейді ел аузындағы аңыздар. Шегір биді – би, Кәдірді – пір, Бабырды – мырза деп санаған жұрт. Осындай атақ-абыройлары асқақтаған төрт босағаның жарқын бейнесін бүгінгі ұрпаққа таныстырып, өз заманындағы ел қамын жеген ерлердің күрескерлік, азаматтық кескін-келбетін айшықтап, ұрпақтың дүниетанымын кеңейте түсу, оларды лайықты ұлықтау – болашақтың ісі.
Ұлытау өңірі – түркі жұртының басын қосып, қазақ хандығын құру идеясы туған топырақ. Бұл жерде ел жайын, ел ертеңін, алдағы күннің қандай болатынын болжайтын, маңайындағы халықты осы мәселе төңірегінде ұйымдастыра білетін тұлғалар өмір сүрді. Олар – ел бастаған хандар, қол бастаған батырлар, алқалы жиында сөз бастаған билер мен шешендер. Сондықтан осы мол мұраны жинақтап, зерттеу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі болса керек.
Қабдол ӘУЕЗОВ,
тарих ғылымының магистрі