Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады .
Президент Сенат Спикерімен Парламенттің жаңа сессиясының ашылуына дайындық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Президентке Жоғарғы Палатаның өткен сессиядағы заң шығару қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпарат берілді.
Сенат Төрағасының айтуынша, депутаттық корпус саяси реформалардың жиынтығын заң тұрғысынан толық қамтамасыз етті. Халық денсаулығы, педагог мәртебесі, ардагерлер туралы маңызды заңдар және пандемия кезінде азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталған түзетулер жан-жақты пысықталып, қабылданды. Алдағы сессия барысында Сенат қызметі Қазақстанды дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту стратегиясын іске асыруға бағытталады.