Тәуелсізідікке деген ұмтылыс қазақ халқында отаршылдық жылдардың барлық уақыт бойы аңсаған арманы. Патшалық империя мен Кеңес империясының күйреуінің алғы-шарт себептерінің негізі қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері де себеп болғаны айдай анық. Патшалық империя қазақты саяси-экономикалық езгіге салса, Кеңес империясы қазақты ұлттық болмысынан ажырауына барлық күшін салды. Кеңес империясы патшалық орыстандыру саясатын жалғастырып, қазақ жерінде қоқан-лоқы әрекеттерді іске асырып отырды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен 1986 жылғы «Желтоқсан ызғары» екі империяның жойылуына әкеліп, қазақтың бостандыққа, ел егемендігіне деген еңселі өзіндік қасиетін жоғалтпай, батыл қадам нәтижесінде азаттыққа қол жеткізгені тарихи шындық.
1991 жылы Қазақстан Республикасы ғасырлар бойы аңсаған өз алдына Егеменді де Тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік – Елбасы атап өткендей, халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі, бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі атанып, Тәуелсіз мемлекеттік рәміздерін — Әнұран, Елтаңба және туды нақтылаған, «ҚР мемлекттік туы», «ҚР мемлекеттік елтаңбасы», «ҚР мемлекеттік әнұраны туралы» заңдар қабылданды.
Сол жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Теңіз күштері құрылды.
1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары кеңес Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңын қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, ұлттық валюта енгізілді.
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. 1996 жылдан бастап Қазақстан Америка құрлығының барлық 35 мемлекетінің басын біріктіретін ірі өңірлік ұйымға тұрақты бақылаушы мемлекет болды. 1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. 2010 жылы Қазақстан өзін бейбітшіл, талерантты және тату мемлекет ретінде тағы бір мәрте дәлелдеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бірінші төоеағасы ретінде тарихқа енді. 2017 жылы Қазақстанда алғаш рет «ЭКСПО» көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. 2018 жылы Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Төрағалық барысында Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша құжат қабылдау әрекеттері жасалды. Отыз жылдың ішінде қазақ елі – әлемдік қоғамдастықта жауапты да құрметті әріптеске айфйналды. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан саяси реформалар елеміздің жаңа формацияға өтуінің нақты көрінісі. Болып жатқан сайлауалды додалар, жас буынның саясатқа араласуы болашаққа деген үлкен үміт пен сенім туғызуда.
Қазақ халқымның «Отан – отбасынан басталады» деген даналығы Тәуелсіздігіміздің тұжырымдамасы, «Малым –жанымның, жаным – арымның садағасы» дегені мемлекеттік биліктің негізгі қағидасы болуы тиіс.
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқымыз, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухын жалғастырып Тәуелсіздігімізді қастерлеп, ел үшін аянбай еңбек етуіміз міндет.
Хансейт БӨЛЕН,
Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты