БІЛІМ САЛАСЫНА СЕРПІН БЕРДІ

Біз, Жезқазған гуманитарлық колледжінің ұжымы, Президент Жолдауын зор ықыласпен қабылдап, мұқият зерделедік. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында халықтың санасында жүрген барлық мәселелердің шешімін көрсете білді деген ой түйіндедік. Онда Президент әсіресе, білім саласына ерекше назар аударып отыр. Өйткені, білім саласын жақсарту – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. 

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда айтылған мәселелердің ішінен өзіміздің саламызға тікелей қатысты деген тұстарын белгілеп, бағытқа алдық. Мәселен, теңгерімді аумақтық даму бөлімінде Президенттің «Ауылдың әлеуетін толық пайдалану – стратегиялық маңызы бар мәселе. Ауылдағы мейлінше өзекті мәселелерді шешуге арналған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады» деген сөзіне орай, біздің түлектеріміздің келешекте де ауылды түлетуге атсалысатынына кәміл сенеміз.

Президент өз Жолдауында күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүм­­кін­дік туғызу үшін жүйелі шаралар қа­был­­дау қажет екенін, балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек екендігіне тоқталған болатын. Осы тарапта да колледжіміз өзіндік үлесі бар екенін айт кеткеніміз жөн деп ойлаймын. Шалғай елді мекеннен келген білім алушыларымыз жайлы да жылы жатақханамен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, Жолдауда кәсіпкерлердің жаңа буынын қалып­тас­­тыруға басымдық берілетіні айтылды. Осыған орай, өткен оқу жылынан бастап колледжімізде «Кәсіпкерлік негіздері» курсы өткізіліп келеді. Пәнді арнайы курстан өткен оқытушыларымыз жүргізеді. Осы сөзім арқылы, Жолдауда көтерілген осы мәселенің дер уақытында қолға алынып, жүзеге асып жатқанын жеткізгім келеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшкенін, бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгерткенін атап көрсеткен болатын. Осыған орай, өз тарапымыздан қосарым, заман ағымына ілескен әріптестеріміз, цифрлық саладағы жаңалықтарды тез қабылдап, өз істеріне ендіруде. Қиындықтар да жоқ емес, бірақ ортақ мақсатқа жұмылған ұжым бұл қиындықтарды жеңіп келеді.

Әрине, Жолдауда айтылғандай, сапалы білім алу үшін білім беру мен тәрбие қанаттаса жүретін әдеттегідей сабаққа қатысудың, оқытушылармен және құрбы-құрдастарымен араласып, білім алудың орны бөлек. Президентіміз санитарлық талаптар­ды сақтай отырып, білім алудың қалып­тасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді тапсырған болатын. Біз, өз тарапымыздан, осы шараға белсене кірісіп, барлық талаптарды сақтай отырып, өз білім алушыларымызды қарсы алуға әзірміз. Ол күн де алыс емес деген үміттеміз.

Жолдауда көрсетілген ұстаздардың жалақыларының өсуі барша қазақстандық оқу-ағарту саласының қызметкерлеріне қуаныш сезімін сыйлады деуге болады.

Президент тарапынан 2021 жылдың қаңтар айынан бас­тап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабыл­данды. Бұл тек материалдық жағынан ғана емес, ұстаздар қауымын моральдық жағынан да қолдау дер едім.

Бүгінде ынтымақ-бірлігі жарасқан ұжымымызда Жолдау жүктеген міндеттердің күнделікті өмірінде көрініс тауып, ауқымды істер атқарылуда. Келешекте де биіктер белесінен көрінуге еңбек ететін боламыз. Осынау ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын дегім келеді.

Айгүл ИСАХОВА,

Жезқазған гуманитарлық колледжінің директоры 

16:40
430

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020