ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – ЖАНҒА САЯ

Қоңыр күз келісімен жыл сайын қаламызда «Қазақмыс» корпарацияның қолдауымен тал егілетіні белгілі. Жылдағы дәстүрге сай биыл да жас көшеттер отырғызылды. «Экосфера» қоғамдық бірлестінің жетекшілігімен ұйымдастырылған шараға Жезқазған қалалық жастар ресурстық орталығының волонтерлары да белсене атсалысты.

– «Экосфера» қоғамдық бірлестігінің бас ғимараты — Алматы қаласында. Біз Жезқазған қаласы бойынша 100 тал екпекпіз. Оның 50-ін Жезқазған қалалық көпсалалы ауруханасының ауласына отырғызғанды жөн көрдік. Осы арқылы біз COVID-19 індетіне қасқая қарсы тұрып, өзгелер үшін өз бастарын бәйгеге тіккен дәрігерлерге зор құрметіміз бен қолдауымызды сездіргеміз келді. Ал қалған 20 көшет – мешіт маңына, 30-ы – қарттар үйі ауласына егіледі, – дейді «Экосфера» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының директоры Фархат Жансейіт.

– Кім де болса жасыл-желекке оранған көркем табиғат аясында жүргісі келетіні ақиқат. Климаты шөлейтті, су көздері аз Жезқазған жерінде осындай жұмыстардың жүріп жатқаны көңіл қуантады. Осы тұста «Қазақмыс» корпарациясына айтар алғысымыз айрықша. Біз, волонтерлар қай кезде де осындай игі істердің басы-қасынан табылуға тырысамыз, – деген волонтер Ботакөз Мұхиден көшет отырғызу жұмыстары бұнымен шектеліп қалмаса екен деген тілегін де жеткізді.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

20:46
390

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020