Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!
2019 жыл маңызды саяси оқиғамен есте қалды. Былтыр Президент сайлауы өтіп Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын қалыптастыру, халық сенімін нығайту, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін шақыру мен қызметін жүргізуді көздеген саяси бағдарламасын жүзеге асыру басталды.
Жылдың басты қорытындысы ретінде Ұлттық кеңестің екінші отырысында айтылған саяси, экономикалық және әлеуметтік саладағы нақты іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Мемлекет басшысының он бастамасын айтуға болады. Бұл бастамалар Қазақстанның дамудың жаңа сапалық деңгейіне қадам басқанын айғақтайды.
Былтыр біз туған қаламыздың 65 жылдығын атап өттік. Қазір Жезқазған тұрақты даму үстінде. Мерейтой жылында біз маңызды мәдени, спорттық іс-шаралардың куәсі болдық. Көптеген әлеуметтік және бизнес жобалар жүзеге асты.
2019 жылы атқарылған жұмыстардың есебі мен 2020 жылы атқарылатын жоспарларды Сіздердің назарларыңызға ұсына отырып, былтыр біз бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттерді жүщеге асырғанымызды атап өткім келеді. Біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында аталған мемлекетті дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруды бастадық. Жолдауда еліміздің экономикалық дамуы қоғамдық-саяси модернизациясыз мүмкін еместігі және тек билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана үйлесімді мемлекет құруға болатыны айтылған еді.
Жалпы алғанда 2019 жылы қала экономикасы 1,5 есе өсті ( 414,6 млрд теңгеден 633 млрд теңгеге дейін ).
2018 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс өсімі 60 %-ды, негізгі капиталға инвестициялар – 12 %-ды құрады, құрылыс жұмыстары 2 есе өсіп, тұрғын үйді пайдалануға беру 2%-ға, сауда-саттыұ 7,6%-ға артты.
Негізгі қорға инвестициялар 31,7 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 11,8 % өсім көрсетті. 2019 жылы «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жөніндегі республикалық деңгейдегі ірі инвестициялық жоба аяқталды, осы жобаның арқасында жезқазғандықтар көгілдір отынның игілігін көретін болады.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2018 жылдағыдан 2 есе артып,19,8 млрд теңге көлемінде орындалды. 17 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 2 %-ға артық. Егер 2019 жылы жаңа үйлерден 48 пәтер пайдалануға берілсе, биыл 160 жаңа пәтердің кілтін тапсыру жоспарлануда.
Қала бюджеті 20,3 млрд теңге көлемінде орындалды. Бұл – 2018 жылғы көлемнен 1,5 есе артық. Кірістердің артық орындалуы негізінен реттелетін салықтар мен заңды тұлғалардың мүлік салығы есебінен 1,4 млрд теңгені құрады.
Өнеркәсіп
Біздің қаланың дамуында мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығы басымдықтарына сәйкес дамып келе жатқан өнеркәсіптік сектордың алатын орны зор.
2019 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнім көлемі 60 %-ға артып, 535,2 млрд теңгені құрады.
Өнеркәсіп өнімінің артуына 2018 жылдың желтоқсанында Жезқазған мыс қорыту зауытында 600 жаңа жұмыс орнын ашып, жылына қосымша 100 мың тонна мыс өндіруге мүмкіндік беретін екінші кен балқыту пешінің іске қосылуы мен 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасы аясындағы жобалардың жүзеге асуы оң әсерін тигізді.
Қаладағы негізгі ірі кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп тұр.
Бұл ретте өнеркәсіпті дамытудағы маңызы зор инвестициялық жобаларға ерекше көңіл бөлінді. Жалпы алғанда екі бес жылдықта (бірінші бес жылдық 2010-2014 жылдар, екінші бес жылдық 2015-2019 жылдар) 9 инвестициялық жоба қосылып, жұмыс істеп тұр. Бұл жобалардың арқасында 2019 жылы 2 млрд 312 млн теңгенің өнімі шығарылып, 652 жаңа жұмыс орны ашылды, тағы 2 жоба 2020 жылы іске қосылады деп күтілуде.
Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 2019 жылдың желтоқсанында «KazGreenEnergi» ЖШС-ның құны 3,8 млрд теңге болатын, жаңа 15 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген «10 МВт-тық күн электрстансасы» жобасы іске қосылды. Бұл жоба Жезқазған және Сәтбаев қалаларының өнеркәсіп кәсіпорындарына қажет электрэнергиясын шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2020 жылы өнеркәсіп секторын дамыту бағдары сақталатын болады.
Бұл – бірінші кезекте жалпы инвестиция көлемі 18,1 млрд теңгені құрайтын, жаңа 350-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін төрт жаңа жоба. Олар:
— «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның құны 8 млрд 200 млн теңге болатын, жаңа 97 жұмыс орнын ашатын «Қара мыс концентратын қайта өңдейтін гидрометаллургиялық тәжірибелік зауытының құрылысы»;
— «Қазхимсинтез» ЖШС-ның құны 1 млрд 200 млн теңге болатын, жаңадан 150 жұмыс орнын ашатын «Өнеркәсіптік реагент өндіретін химиялық зауыт құрылысы»;
— «С и Жест» ЖШС-ның құны 450 млн теңге болатын, жаңадан 30 жұмыс орнын ашатын «Құрылыс материалдарын шығаратын зауыт құрылысы»;
-«KazGreenEnergy» ЖШС-ның құны 8,2 млрд теңге болатын, жаңадан 76 жұмыс орнын ашатын «Биоэлектрстансасының құрылысы» жобалары.
Осының нәтижесінде 2020 жылы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 32 млрд теңгеге ұлғаяды (31,7 млрд теңгеден 32 млрд теңгеге).
Бұл жобаларды жүзеге асыру жаңа өндірісті игеруге, өнеркәсіп өнімінің көлемін 10 %-ға ұлғайтуға, жергілікті өнім қатарын арттыруға, салық салынатын базаларды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Негізгі капиталға инвестиция құюда жеке инвестициялардың үлесі 77 %-ды немесе 24,5 млрд теңгені, бюджеттік инвестициялар 23 %-ды немесе 7,2 млрд теңгені құрайды.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жалпы инвестиция көлемі 430 млн теңгені құрайтын, жаңадан 73 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 5 жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Ол жобалар:
Агроөнеркәсіптік кешен
Аграрлық секторды дамыту жөніндегі барлық іс-шаралар нарықа сұранысқа ие өнімдерді шығаруды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы жалпы ішкі өнімінің көлемі 5,9 млрд теңгені құрап, 2018 жылғы көрсеткіштен 17,7 %-ға артық орындалды.
1,4 мың тонна ет (өсім 2,4 %), 5,7 мың тонна сүт (өсім 6,8 %), 10 млн дана жұмыртқа (өсім 9,9 %) өндірілді.
2019 жылы (2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Сыбаға», «Алтын асық») мемлекеттік бағдарламалар аясында 77 бас ірі қара мал, 122 жылқы алынды. 54 ауылшаруашылығы өнімін өндірушіге жалпы сомасы 155 млн теңге қаржылық қолдау көрсетілді.
Инфляциялық процестерді тежеу және халықты қолжетімді бағадағы бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ұалада 52 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, оған жергілікті тауар өндірушілер, шаруа қожалықтары мен саяжай иелері қатысты, барлығы 770 млн теңгенің өнімі саудаланды.
Бағаның шарықтамауына 2018 жылы желтоқсанда ашылып, азық-түлік өнімдері арзан бағада сатылып жатқан «ULY DALA» гипермаркеті де септігін тигізуде.
Аталған гипермаркеттің тағы 10 минимаркетін ашу жоспарлануда.
Сонымен бірге жаңадан 3000 ш.м аумақты алатын «Самади» супермаркетінің құрылысы жүруде.
Қаладағы сауда нысандарымен «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне қосылатын бағаны төмендету» туралы, «Ұлытау Нан» ЖШС-мен «2020 жылдың 1 сәуірінедейін бірінші сұрыпты нан бағасын 70 теңгеден асырмау туралы» меморандумдарға қол қойылды.
Бірінші қажеттіліктегі тауарларға негізсіз баға қосылмауы тұрақты бақылауда.
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының негізгі принциптерінің бірі – ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге басымдық беру. Жезқазған қаласының жалпы жер көлемі 858,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде Кеңгір, Сарыкеңгір және Талап ауылдық округтарының аумағы – 682,8 мың гектар, Жезқазған қаласының аумағы – 176,1 мың гектар.
Жезқазған қаласында суармалы ауылшаруашылық жер үлесі 5,5 мың гектар. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шаруа және фермерлік шаруашылық жүргізуге пайдалану үшін конкурс ұйымдастырылды. Конкурс нәтижесі бойынша жалпы аумағы 33,5 мың гектар болатын 17 жер учаскесі пайдалануға берілді.
Жер учаскелерінің пайдаланылуы зерттелді. Нәтижесінде жер учаскелерін пайдаланбаудың 158 фактісі (45,5 гектар) анықталды. Жер заңнамасын бұзушылықтар жойылуда.
Жыл сайын ветеринарлық қызмет ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтау мақсатында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады. Жоспарға сай 77 628 ауылшаруашылығы жануарлары егіліп, 38 374 диагностикалық зерттеу жасалды, 4 499 бас бұзауға, 1 919 құлынға, 10 044 қозы-лаққа, 68 торайға, 14 ботаға 14,8 млн теңгеге ен салынып, сырға тағылды.
Қала халқы үшін келесі қызметтердің маңызы зор. Есепті кезеңде 2097 қаңғыбас ит пен 1322 мышық ауланып, ұсталған үй жануарларын қамайтын және тамақтандыратын орын ашылды. Санитарлық-ветеринарлық талаптарға сай 4 мал өлексесін көму орны ұйымдастырылды. Коммерциялық және басқа да мақсаттағы жер учаскелерін пайдалану құқығын сату жөнінде 4 аукцион өткізілді. Аукционға шығарылған 99 жер учаскесінің 51-і (8,9 гектар) 35,6 млн теңгеге сатылды.
Толық нұсқасын «Saryarqa» газетінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы №3 (8167) санынан оқи аласыздар.