БӨЛІМДЕ - ЖАҢА БАСШЫ

Жезқазған қаласы әкімінің 2020 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Ержан Жағыпарұлы ЕСЕТОВ «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекмемесінің басшысы болып тағайындалды.

Ержан Есетов 1982 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. 2004 жылы Ө.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша, 2011 жылы Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік саясат магистрі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында, Жезқазған қалалық мәслихатының аппаратында, Жезқазған қаласы әкімі аппаратында қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Жезқазған қаласы әкімі аппараты» ММ басшы болды.

13:12
860

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020