​«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ МӘЖІЛІС МАНДАТЫНАН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІН БЕКІТТІ

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімі бекітілді .

-Биылғы сайлаудың ерекшелегі үміткерлердің үштен бірі жастар мен әйелдер болуы шарт. Бұл критерийлермен өз басым толық қосыламын. Жастарды да, қыз-келіншектерді де түрлі билік саласына араластыруды көбейту мақсатында жасалып отыр. Өздеріңіз білесіздер, бізде барлық өңірде конференциялар өтті. Солардың барлығында да тиісті деңгейдегі мәслихатқа кандидаттар ұсынылды. Партиялық тізімдер тіркелді, — деді съезд барысында партия төрағасы Әли Бектаев.

Оның айтуынша, «Ауыл» партиясынан мәслихаттардың депутаттығына 654 кандидат тіркелген.

-Бүгін Мәжіліске ұсынылатын кандидаттардың барлығы сарапшылармен, өңір өкілдерімен, саяси кеңес, төралқа мүшелерімен талқыланып, қолдау тапты. Енді съезд қарауына ұсынылып отыр, — деді Әли Бектаев.

Тізімге 19 адам кіріп отыр.

20:39
264

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020