Айқын Қоңыров: Партия уақыт талабына сай қызметін жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН.  ҚазАқпарат Қазақстан халық партиясының кезектен тыс XVI съезі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысу, Сайлауалды бағдарлама, республикалық сайлауалды штабты құру, депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімі қаралды. « Партияның 2021 жылғы 10 қаңтардағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуы туралы ұсыныс енгізіліп отыр. Есепті кезеңде халықтың қолдауы тұрғысында партия өзінің брендін өзгертті, яғни Қазақстан коммунистік халық партиясынан Қазақстан халық партиясы деп аталды. Біз уақыт талабымен алға қарай ілгерілеуге ниеттіміз және осыны дұрыс қадам деп есептейміз. Осы орайда ел халқы біздің бастамаларды қолдайтынына сенімдіміз », — деді партия төрағасы Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, фракция үнемі партиялық ұстанымдар аясында қызмет етіп, халық мүддесіне сай жұмыс істеді. Осы орайда ол партия қызметі жер ресурсы, табиғи байлықы ел игілігіне пайдаланылуына негізделгенін атап өтті. « Біздің Парламенттегі фракция ауқымды болмаса да, атқарған жұмысы елеулі. Өткен бес жылда фракцияның 92 отырысы өткізілді, 300-ге жуық депутаттық сауал жолданды. Елді мекендерге 664 жұмыс сапары жасалып, халықпен 1450 кездесу болды. Үш мың нан астам жеке әрі заңды тұлғалардың өтінімі қаралды» , — деді А. Қоңыров. Еске сала кетейік, биыл қараша айында Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалды. Енді Қазақстан халық партиясы деп аталатын болды. Бұдан бұрын Қазақстан коммунистік халық партиясы алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға дайын екендігін жариялаған еді.

14:21
249

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020