​NUR OTAN ПАРТИЯСЫ МӘЖІЛІСТЕН 76 МАНДАТ ИЕЛЕНДІ

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда үш саяси партия ие болған депутаттық мандаттарды жариялады. Бұл партиялар жеті пайыздық межені еңсерді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат .

Мәжілістегі депутаттық манданттар: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясы 10 мандат алды.

Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинады.

Еске салсақ, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын. Сонымен қатар, саяси партияларға сайлаушылар тарапынан қанша дауыс берілгені анықталды.

11:12
772

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020