​МУЗЕЙДЕГІ ҚҰРЫЛЫС – ҚАРҚЫНДЫ

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров Жезқазған тарихи-археологиялық музейіндегі жұмыс барысымен танысты.

Алдымен музейге қосалқы салынып жатқан ғимарат құрылысына атбасын бұрған ол, жұмыстардың сапалы орындалуын басты назарға алу қажеттігін ескертті. 2020 жылдың мамырынды құрылысы басталған қосалқы ғимарттың көлемі – 518 шаршы метр. Онда қор сақтау қоймасы, көрермендерді қабылдауға арналған АКТ залы және қосымша кабинеттер орналасады. Құрылысқа жауапты мердігер – «Астанастройэнерго» ЖШС. Биыл мамыр айында пайдалануға берілетін нысанда бүгінде жұмыс көлемінің жартысынан астамы орындалған.

Одан әрі музей залына барып, тарихи экспонаттармен танысқан Қайрат Бектайұлы музей қызметкерлерінің өтініш-тілектеріне де құлақ түрді. Осы тұста ол музейге 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Жаңа тұрмыс – 2012» мердігер компаниясы жүргізген ағымдық жөндеу жұмыстарымен де танысты.

– Жезқазған тарихи-археологиялық музейі – қаламыздағы рухани құндылықтар үйлесім тапқан ерекше мекендердің бірі. Біз бұл жерден тек көне жәдігерлерді көріп қана қоймай, туған тарихымызбен тілдесуге мүмкіндік аламыз. Бүгінгі ұрпақ, әсіресе, жастар үшін ел болып қалыптасу жолында халқымыздың бастан кешкен тар жол, тайғақ кешулерін, олардың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі мен өмір жолдарын білу өте маңызды. Музей –бүгін мен өткенді байланыстырушы. Экспозиция залдарының тарлығынан экспонаттардың үштен бірі қор бөлмесінде сақтаулы. Қаламызда тағы бір өлкетану музейі болса артықтық етпесі анық, – деген Қайрат Бектайұлы мәдениет саласына, соның ішінде музей жұмысына әрдайым қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

00:31
1298

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020