​ВАКЦИНАЦИЯ: КІМ, ҚАЛАЙ ЕКПЕ АЛАДЫ?

Вакцинациялаудың негізі екі себебі – өзіңізді қорғау және айналаңыздағыларды қорғау. Вакцинация денсаулық жақсы кезде ғана жүргізіледі, аурудың белгілері болған кезде вакцинация жүргізілмейді. Бүгін екпеге қатысты тұрғындар арасында жиі туындайтын сұрақтарға жауап беруді жөн көрдік.

Екпе салу тегін бе?

Тегінмедициналықкөмектіңкепілдікберілген көлеміаясындавакцинациятегінегіледі.

Вакцинация вакцинаның түсуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары вакцинацияланып, одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары қамтылатын болады.

Ең алдымен , халықтың осал топтары короновирус инфекциясына қарсы екпе салдыруға тиіс, олар коронавирус инфекциясын жұқтырып, таратуға бейім болып келеді, одан әрі иммундауға жататын халықтын қалған топтары қамтылады.

Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел медициналық көмек, реаницмация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері екпе салдыратын болады.

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет қызметкерлері екпемен қамтылады

Үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар екпе салдыртады.

Ең алдымен, халықтың осал топтары коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыруға тиіс, олар коронавирус инфекциясын жұқтырып, таратуға биім боп келеді, одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары қамтылады.

Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

Вакцинаны салуға қарсы көрсетілімдер:

Құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаның немесе вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық,

Ауыр аллергиялық реакция беретін жағдайдың болуы

Жүктілік және бала емізу кезеңі,

18 жасқа дейін және 65 жастан жоғары (тиімділік және қауіпсіздік туралы деректердің болмауына байланысты)

ІІ компонетнтті салу кезінде: вакцинаның І компонентін салған кезде вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр генерализацияланған аллергилялық реакциялар, құрысу синдромы, 40 температура және т.б.

Бұғанқоса, ауыраллергиясыбарларға, бүйрекпенбауырдыңсозылмалыауруларынашалдыққандарға, қантдиабетібарларға, эпилепсияғашалдыққандарға, қатерліісікпенауыратындарға, инсульталғандарға, жүрек-қантамырауруынашалдыққандарға, иммунтапшылығынашалдыққандарға, астмаменауыратындарға, өкпесіауыратындарғаекпесалынбауымүмкін. Бұлдерткешалдыққандарғавакцинаегугеболады, бірақоғандәрігердіңрұқсатыкерек.

Екпе міндетті ме?

Екпе ерікті түрде салынады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сілтеп, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асатынын айтады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, екпе егердің алдында сіз арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тартып я салдыруға келісім бере аласыз.КВИ-ға қарсы екпе ерікті түрде жасалады және мәжбүрлеу болмайды.

КВИ-ға қарсы екпе 18 жастан асқан адамдарға салынады, балаларға екпе жасалмайды .

Екпе қалай салынады?

Екпе екі дозадан адамның иығына салынады. Алдымен 0,5 мл бірінші доза салынып, арада 19-23 күн өткенде тағы 0,5 мл салынады. Екпе салардың алдында дәрігер дене қызуын, сатурацияңызды, қан қысымыңызды, жүрек соғысыңызды, ауыз қуысын тексеруі тиіс. Егер адамның ыстығы 37 градустан жоғары болса екпе салынбайды. Екпенің бір флаконында 3 мл доза болады. Бір флакон бес адамға салуға жетеді. Екпенің сырты бүлінсе қолдануға болмайды. Екпе иықтан төмен тұсқа салынады

КВИ – ға қарсы қолданылатын вакцина бүгінде 2 кезеңде жасалынады.

Бұл КВИ – ға қарсы вакцинациядан кейін» иммунитетті қалыптастырудың міндетті шарты болып табылады.

Екінші вакцинациядан кейін 21 күннен кейін жүргізіледі.

Неліктен вакцинаны екі кезеңде алу керек?

Коронавирустық вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелер саны артады.

Коронавирустық вакцинадан аллергиялық реакция болуы мүмкін бе?

Кез келген вакцинациядан бұрын медицина қызметкері егілушіде аллергияның болуын нақтылайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға егуден медициналық шеттету беріледі. Сонымен қатар, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, өйткені әр организм өзінше бөлек. Уақтылы әрекет ету үшін вакцинациядан кейінгі алғашқы 30 минутта адам медициналық бақылауда болуы керек (мед.мекеме қабырғасында): дәл осы кезеңде вакцинаға аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін.

Вакцина алғандарға және вакцинацияланғандарға күнделікті телефон арқылы тексеру жүргізіледі.Барлық вакцинацияланғандар алғашқы 30 минутта медициналық мекемеде дәрігердің бақылауында болады. Келесі 3 күнде олар тіркелген жердегі учаскелік дәрігерлердің динамикалық бақылауында болады. Медициналық бақылау рәсімі кез келген екпені алғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар, вакцинацияланған әрбір адамға вакцинаның ықтимал жанама әсерлері және осындай әсерлер пайда болған жағдайда олар жүгіне алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.

Егер адам екі кезеңнің арасында коронавируспен ауырса, вакцинаның екінші компонентін енгізу керек пе?

Мұндай адам covid-19 инфекциясымен ауырушы ретінде бағаланады, яғни вакцинацияны аурудан кейін 6 айдан соң жүргізуге болады. Егер вакцинация кезеңдері арасында адам ЖРВИ сияқты немесе басқа жұқпалы аурумен ауырса, онда екінші вакцинация біріншіден 21 күн өткен соң емес, сауығып, қалпына келгеннен кейін 2 аптадан кейін жасалуы керек. Егер бұл CОVID-19 болса, онда вакцинаның екінші компонентін аурудан кейін бірден енгізуден сақтану керек.

Күлзипа КӨШІМБАЕВА,

«Көшімбаева» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының директоры

22:38
581

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020