Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында квазимемлекеттік секторды реформалау қажеттігі туралы мәлімдеді.
Жезқазған қаласының квазимемлекеттік секторында бүгінгі күні коммуналдық меншіктегі 28 ұйым жұмыс істейді, олар – мемлекеттік органдар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, «Сарыарқа газетінің редакциясы» ЖШС, «Дидар» Жезқазған қалалық телерадио хабарларын тарату дирекциясы» ЖШС және «Жылумен сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ.
2015 жылдан бастап объектілерді бәсекелес ортаға беру бойынша шаралар қабылдануда, соның нәтижесінде бюджет кірісіне қосымша 48,5 млн.теңге түсті. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Полигон» ЖШС үш сауда-саттықтан кейін таратылуға жатты және ҚР ӘМ Қарағанды облысы Әділет департаментінің Жезқазған қаласы Әділет басқармасының 2019 жылғы 6 мамырдағы №03-7/77-26 бұйрығымен өз қызметін тоқтатты.
Сондай-ақ, «Қалалық автожолдар басқармасы» КМК ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес сатылымға шығарылды, өтінімдердің болмауы себебінен сауда-саттық үш рет өтпеді деп танылды. Қазіргі уақытта жекешелендіру Ережелеріне сәйкес нысан жою сатысында тұр.
Квазимемлекеттік секторды басқару бойынша жүргізіліп жатқан реформа шеңберінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсандағы №908 қаулысымен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілді. Жезқазған қаласы бойынша Кешенді жоспарға үш заңды тұлға енгізілген және Жол картасы бойынша жекешелендіру 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған.
Сондай-ақ, мемлекеттік мүлік сенімгерлік басқару және мүліктік жалдау шарттары негізінде пайдалануға беріледі.
Бұл ретте, объектілерді беру шарттарын баланс ұстаушы айқындайды.
Бүгінгі күні коммуналдық меншіктің 8 объектісі кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген, оның ішінде:
1. 110/35/6 кВ ГПП-дан ӘЖ-10 кВ және «Қалалық» Кеңгір селосындағы құс фабрикасына дейін;
2. «Ютария LTD» ЖШС тігін цехына инженерлік желілер;
3. Көп қабатты үйлердегі лифт жабдықтары – 13 бірлік;
4. Саны 59 бірлік контейнерлері бар контейнерлік алаңдар;
5. Гагарин көшесі, 25 үй ғимараты, 1-қабат;
6. Есенберлин к-сі, 47, 1-қабат үй-жайы;
7. «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ;
8. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қоршау және бульдозер.
Сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес сенімгерлік басқарушылар жыл сайын белгіленген нысан бойынша есеп беріп отырады.
Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға беруге баланс ұстаушылардың артық және пайдаланылмайтын объектілер туралы ақпараты негіз болып табылады, ол бекітілген нысанға сәйкес ұсынылады.
2020 жылы коммуналдық меншік объектілерін жалға беруден түскен кірістер бойынша жоспар 5 644 мың теңгені құрады, жыл қорытындысы бойынша бюджетке нақты 5 770 мың теңге түсті, жоспардан тыс түскені 126 мың теңге.
2021 жылға арналған бекітілген бюджетте коммуналдық меншік объектілерін жалға беруден түсетін кірістер бойынша жоспар 12 249 мың теңге сомасында айқындалған. Жыл басынан бері 29 мүліктік жалдау шарты жасалып, соған сәйкес 803,1 ш.м. бос алаңдар жалға берілді, айлық жалдау ақысының жалпы сомасы 608,8 мың теңге.
Мемлекет бақылайтын ұйымдар Даму жоспарларын және бекітілген есептерді мемлекеттік мүлік тізіліміне орналастырады. Құрылтайшылар ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізеді.
ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес таза табыстан түсетін дивидендтердің мөлшері белгіленген, оның ішінде акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – 50%, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар бойынша 3 млн.теңгеге дейін – 5%. 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 178,5 мың теңге сомасында дивидендтер түсті.
Ербол ҚҰСАЙЫНОВ,
Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары