ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛЫНДА

1 НАУРЫЗ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ

Биыл Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні «Ұлттық экономиканы сақтау үшін мықты азаматтық қорғаныс» ұранымен өтеді.

Жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Мерекенің тақырыбы мен ұраны әр жыл сайын анықталып отырады. Биыл дүниежүзілік мереке «Ұлттық экономиканы сақтау үшін мықты азаматтық қорғаныс» ұранымен өтеді.

Мереке аясында наурыз айы бойы объектілік жаттығулар өткізіледі, білім беру мекемелерінде жалпымектептік мерекелік жиындар, конкурстар, викториналар ұйымдастырылады. Сынып сағаттарында және кіріктірілген сабақтарда, шағын конференциялар мен әңгімелерде төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер бойынша түрлі мәселелер қарастырылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қарағанды облысы ТЖ департаментімен азаматтық қорғау қызметінің ардагерлерімен кездесу жоспарланған.

1931 жылы Парижде бірнеше мемлекеттердің бастамасы бойынша барлық елдерде екі жақты және көп жақты келісімдер арқылы жергілікті қауіпсіздік аймақтарын құру үшін «Женева аймақтарының қауымдастығы» — «қауіпсіздік аймақтары» құрылды. Кейіннен қауымдастық Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) болып қайта құрылды.

1990 жылы белгіленген Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні әлемдік қоғамдастықтың назарын Азаматтық қорғаудың мәніне аудару және зілзала немесе авария жағдайында халықтың өзін — өзі қорғауға дайындығын арттыру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың ұлттық қызметтері персоналының апаттарға қарсы күрестегі күш-жігері мен өзін-өзі құрбан етулеріне құрмет көрсету мақсатында ХАҚҰ-ға мүше елдерде атап өтіледі.

1 наурыз күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні ХАҚҰ Жарғысы күшіне енді, оны 18 Мемлекет мақұлдады.

ХАҚҰ қызметінің бағыттары арасында мыналарды атап көрсетуге болады: төтенше жағдайлар кезеңінде басқару саласында ұлттық кадрлар даярлау; мемлекеттерге төтенше жағдайлардың алдын алу және халықты қорғау жүйелерін құру мен жетілдіруде техникалық көмек көрсету; азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезеңінде басқару мәселелері бойынша тәжірибе мен білімді насихаттау.

Қазақстан Республикасы ТЖМ 1997 жылы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымына кірді және осы ұйым өткізетін барлық негізгі іс-шараларға қатысады.

А. РЫСБАЕВ,

Жезқазған қ. ТЖ басқармасы азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері,

лейтенант 

14:28
1122

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020