Құрметті жерлестер, қала қонақтары!
2016 жылдан бері біздің елімізде Алғыс айту күні белгіленді. Баршаңызды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл айтулы күн бұдан әрі де өзінің лайықты жалғасын тауып, өміршеңдігін көрсетеді деп білеміз. Өйткені ол адамгершілік құндылықтарына негізделген және қазақстандықтар оны толықтай қолдайды.
Еліміздегі бейбітшілік пен келісім – отандастарымыздың жоғары мәдениеті мен даналығының, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы сындарлы және көреген саясаттың нәтижесі. Қазақстан – әр ұлттың басын қосқан ғажап мемлекет. Біздің азаматтарымыз бір-бірінің қадірін жақсы ұғынады және айтар алғыстарының риясыз ақ көңілден шығары сөзсіз.
Азаматтарымыздың арасындағы түсіністіктік, жаншырлық ізгі қасиеттер адамзат баласына үлкен ауыртпалық әкелген пандемия кезеңінде айқын көрініс тапты. Біз осындай қиын-қыстау уақытта айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскерилерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және басқада қайырымдылық танытқан азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Алғыс айтудың, алғыс алудың маңызын ерекше таныған дана бабаларымыздың жолына берік болып, бір-біріміздің бойымыздан тек жақсылық іздейік. Жақсылық іздеген жақсылыққа жолығады. Барымызды бағалайық. Алғыс айтайық.
Мереке құтты болсын!
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров
Қалалық мәслихат хатшысы Советбек Медебаев