Бүгінде ғаламтор дүние жүзі бойынша ең тиімді, жылдам ақпарат алмасу құралы екені сөзсіз. Сол әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны қатар жүретін білсек те, ескере бермейміз. Соның салдарынан біздің қоғамда өзге діни ағымның етегінде еріп, арбалып қалу оқиғалары жиілеген. Қазіргі таңда ғаламтор желісін арам пиғылды экстремистік және террористік ұйымдар өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін кеңінен пайдануда.
Еліміз егемендік алған жылдары әсіресе дінге деген ерекше жаппай қызығушылық артып, обьективті түрде өскені белгілі. Әсіресе орта және жас буын өкілдері десем болады. Сол тұста діни ұйымдар мен топтардың да саны күрт көбейді. Жоғарыда айтып отырған буынның көбісі ақ пен қараны түбегейлі зерттеп ажырата алмады. Оған терең тоқталмай-ақ қояйын, бүгінгі таңдағы әлеуметтік желінің ықпалына аз-паз түсінік берейін. Осы тұста әсіресе жастар интернеттен діни білім алуды дағдыға айналдырды. Оларға интернеттен білім алдың қауіптілігі жайлы қанша айтылса да, көбісі мән бермеді. Соның кесірінен көп жастарымыз жат ағымның жетегіне еріп, теріс ұғым пайда болып, маңдайларын тасқа ұрып, кеш түсініп опық жеп жатыр. Менің айтарым интернеттен рұқсат етілмеген сайттардан діни сауаттымды ашам деу құр әурешілік. Өз-өзімізіге зор жауапкершілікпен қарап, болашақ өмірімізге балта шаппай, сақтықта болайық.
Қазіргі заманғы жастар көп жағдайда діни білімдерге күмәнді діни форумдарға және Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге бару арқылы тырысады, онда жалған шейхтер мен экстремистік және террористік ұйымдардың жалдаушылары олармен байланысқа түседі, оларды қате бағытта шебер басқарады. Интернетте таратылған брошюралар мен ақпараттық материалдарда діни саланың жекелеген мәселелері бойынша бұрмаланған ақпарат бар екенін жіті түсіну қажет. Аталғандар әрекеттердің бәрі жастардың бойында дін туралы қате білімді қалыптастыра отырып, жастардың ой-өрісін, сана-сезімі мен көзқарасын түбегейлі өзгертуді, адамгершілік-рухани дамуына кедергі жасауды мақсат тұтады.
Сөз соңында айтарым интернет арқылы білім алғысы келетіндер рұқсат етілген діни бірлестіктер интернет-ресурстарын ғана пайдалануы керек. Бүгінгі уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 20-дан астам ресми интернет-ресурстары бар, олардың тізімі ҚМДБ-ның «muftyat.kz» сайтында жарияланған. Ақпараттық-танымдық сайттардың ішінде «E-islam.kz» және «Islam.kz» интернет-ресурстар сәтті әрі белсенді жұмыстар жүрізуде. Осы сайттардан білім алған жастар өмірде еш адаспасына, қой терісін жамылған арам пиғылдылардың арбауына түспесі анық.
Өз тілшіміз