​АҚ ХАЛАТТЫЛАР АРДАҚТАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасы дәрігерлерінің еңбегін еленіп, сый-құрмет көрсетілді. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының жаңа жобасын жүзеге асыруға жас белсенділермен бірге қалалық мәслихаттың депутаттары да ат салысты.

Ел басына күн туған сәтте өзгенің амандығын жеке басының қамынан жоғары қойған ақ халаттыларға деген риясыз көңілін білдіруге қала кәсіпкерлері де асыққанын айта кеткен жөн. Олардың демеушілігімен дәрігерлерге тәтті толы себеттер әзірленді.

–«Біз біргеміз» жалпыұлттық акцияның табысты тәжірибесін ескере отырып, волонтерлық қызметті одан әрі жүйелі дамыту және танымал ету мақсатында «Jas Otan»жастар қанаты жанынан «Biz Birgemiz» волонтерлық қозғалысы құрылған болатын. Бүгін қозғалыстың мұрындық болуымен «Дәрігерлерді ардақтайық» жобасы қолға алынды. Біз бұл жоба арқылы күн-түн демей індетпен күресіп, жерлестерінің денсаулығын ойлаған медицина саласы қызметкерлеріне алғыс білдіруді мақсат тұттық, – деген «Jas Otan» жастар қанатының Жезқазған аймағының төрайымы Нұргүл Талғатбекова жастардың бастамасын қос қолдап қолдаған «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңгірбай Смағұловқа, «Шаруа» сауда орталығының директоры Ерлан Кенжебеков пен «Ақтоты» дүкенінің иесі Әнуар Әлсейітовке ризашылығын білдірді.

Дәрігерлерді ардақтау адамгершілік борышымыз дейтін нұротандық жастардың жобасы әлі де жалғасын тауып, Жезқазған қаласының медицина мекемелеріндегі ақ халаттылар еңбегі ескерілетін болады.

Өз тілшіміз

14:56
595

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020