​ЕКПЕ АНТИДЕНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Вакцинация жасатудың мақсаты – ағзаға вакцинаны енгізгеннен кейін спецификалық иммунитеттің қалыптасу, яғни иммундық жадының онымен байланысқан кезінде микроорганизмдердің анықталған антиденелеріне реакциясын қосу болып табылады.

Микробтың адам ағзасына енгізгеннен кейін ауру қоздырғыштарын жоятын бөлшектері антиденелер пайда болады. Сондай бөлшектерді қажетті көлемінде өндіру үшін уақыт қажет, сол адам ауыратын уақыт болмақ. Антиденелер жеткілікті санында жинақталғаннан кейін, адам сауығады.

Вакцинация антинелердің қалыптасу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ асқынуларға жол бермеуге ықпалын тигізеді. Екпені енгізгеннен 5-6 күннен кейін, антиденелер өңделеді, антиденелер саны тез өседі, сонымен 20-22 тәулікте егуден кейін максималды санына жетеді. Кейінірек ағзаға аталмыш микробтардың түрі шабуыл жасаған кезінде, олар тезірек және жеңілдеу басылады: иммуноглобулиндер бірінші не екінші күннен-ақ өңделе басталады, олар аурумен бастапқыға қарағанда, бірнеше есе күштірек күреседі. Вакина ауру тудырмайды және ауру қоздырғышын асқынуына не өлім-жітім оқиғасына еш уақытта мүмкіндік бермейтінін есте сақтау қажет.

Тамыз айының ортасында Ресейдің Гамалей Н.Ф Ұлттық эпидемиологиялық зерттеу орталығында екпе эпидемиологтар мен микробиологтардың зерттеуінен өтіп халыққа ұсынылып отырған « Гам-Ковид-Вак» («Спутник V») вакцинасы да өзге вакциналар секілді – адам өміріне қауіпсіз. Аталмыш вакцина зерттеу барысында эфективтілігі жоғары немесе 91,4% екенін көрсеткен.

Екпенің құрамы қандай?

Екпе 2 компоненттен тұрады. Яғни 2 рет егіледі.

Екпе екі дозадан адамның иығына салынады. Алдымен 0,5 мл бірінші доза салынып, арада 21күн өткенде тағы 0,5 мл салынады.

Екпе салардың алдында дәрігер дене қызуын, сатурацияңызды, қан қысымыңызды, жүрек соғысыңызды, ауыз қуысын тексеруі тиіс. Екпенің бір флаконында 3 мл доза болады. Бір флакон бес адамға салуға жетеді. Вакцина алған соң 30 минут бойы медициналық мекемеде, дәрігердің бақылауында боласыз. Одан соң үш күн бойы тұрғылықты жеріңіздегі учаскелік дәрігерлердің бақылауында боласыз.

Сонда екпені кім алады?

1 кезекте Коронавируспен жұқтыру қаупі жоғары адамдар яғни медицина қызметкерлері инфекциялық ауруханаларда, жедел жәрдемде жұмыс істейтін медқызметкерлер, санэпидқызметкерлер алады.

2 кезеңде мектеп мұғалімдеріне, университет оқытушылары

3 кезеңде екпе мектеп-интернаты мен балабақша педагогтары, студенттер мен созылмалы ауруы бар адамдарға егіледі. Сонымен қоса төтенше жағдай мамандары, полицейлер, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері

Қандай жағдайда алуға болмайды?

Осы уақытқа дейін екпе алған кезде жоғары сезімталдық болған жағдайда
анамнезінде ауыр аллергиялық көрсеткіш байқалғанда, жүктілік пен бала емізетін кезеңде екпе салуға тиыйм салынған. .

Жедел инфекциялық немесе созылмалы аурудың қозуы бұл жағдайда адам сауыққаннан кейін 2-4 аптадан кейін екпе алады.

Егер коронавируспен ауырған болса онда 6 айдан сон салуға болады. Антидене көрсеткіші төмен болған жағдайда екпе салынбайды.

Екпеден кейін қандай реакция болуы мүмкін

Екпе егілгеннен кейін 1-3 күн тұмау тәрізді клиникалық көрсеткіш болуы мүмкін. Олар: қалтырау дене қызуының жоғарлауы, артралгия, миалгия, астения, бастың ауырсыну. Инъекция орнының ауырсыну, гиперемия, ісіну,
кей жағдайда жүрек айну, диспепсия, тәбеттің төмендеу сынды жергілікті реакциялар да көрініс табуы мүмкін.

Екпе алғандарға арналған нұсқаулар:

3 күн екпе егілген жерді суламау баня сауна сиякты жерлерге бармау, алкоголь қабылдамау; Егер жергілікті жер қызарып ісінген жағдайда антигистаминдік препарат қабылдауға болады; Дене қызуының көтерілуі байқалса көбірек су ішіп қабынуға қарсы стероидты препарат қабылдауға не парацетамол қабылдауға болады.

Гүлнұр ЖҰМАШОВА,

«Тильман» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының отбасылық дәрігері 

15:07
697

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020