​АЛМАТЫДА ТЕРАКТ ЖАСАМАҚ БОЛҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 өкілін ұстап, сот санкциясымен қамауға алды, делінген ҰҚК таратқан  хабарламада .

Ведомствоның хабарлауынша, олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынған.

Қазір ұсталғандарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

«Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған. Тергеу жалғасуда» делінген хабарламада.

11:24
504

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020