Соңғы жылдары шаһар шырайын қашырған жарты ғасырлық тарихы бар көп қабатты тұрғын үйлердің сыртын қалыпқа келтіруге ден қойылды. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 58 тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жасалса, биыл кезек тоғыз қабатты үйлерге жетіпті. Бұл жөнінде тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Роза МОМЫШЕВА айтып берді.
–2021 жылы Абай көшесіндегі 7 тұрғын үйдің қасбетін жөндеумен қатар Алашахан даңғылы бойындағы тоғыз қабатты үйлердің сырты ретке келтіруді жоспарлап, қалалық бюджеттен қаржы сұрадық. Бүгінде өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Медет»ЖК Алашахан даңғылллындағы 41 үйдің сыртын жөндеп қойды. Қалған үйлер бойынша қазір конкурстық рәсімдер өтіп жатыр, – деген бас маман конкурс қорытындысы бойынша Алашахан даңғылы мекенжайында орналасқан 22 А және Б үйлерін жөндеуге 32 млн-нан астам қаржы жұмсалатынын айтты. Жөндеуді мердігер «Сейітқазинов» ЖК жүргізбек. Аталған мердігер бұған дейін тұрғын үйлерге мурал салған.
Өз тілшіміз