​ЖАҢА АСТАНАДАҒЫ ҚЫЗМЕТ: БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ КӨШУІ

"ҚазАқпарат" ХАА-ның " Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме"  жобасынан

Оңалсын ЖҰМАБЕКОВ , Мемлекет және қоғам қайраткері, екінші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі

1994 жылдың шілдесінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғарғы Кеңеске астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы мәселені ресми түрде енгізді. Шешім қабылдау қиын болғаны белгілі. Көптеген қарсыластар мен скептиктер болды, бірақ Тұңғыш Президенттің дәлелдері басым болды.

Мемлекет басшысының сөз сөйлеуімен толығырақ танысқаннан кейін, мен бұл идеяның ерекше маңыздылығын толық түсніп, осы ауқымды тарихи бастамада алатын өз орным туралы ойладым. Тағдыр маған тағы да оң көзбен қарады. 1996 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен мен Бас прокурор Степан Иванович Шуткиннің орынбасары болып тағайындалдым.

Бұл уақытта астананы көшіру жұмыстары қарқынды жүрді. Елдің Тұңғыш Президентінің темірдей қажырлығы бүкіл мемлекеттік тетікті іске қосты. Көшіру жөніндегі мемлекеттік ко миссия жұмысын белсенді атқарды, осындай жұмыс топтары барлық орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Ел дүрлікті. Скептиктердің үні өшті.

Алайда, қаржы жеткіліксіз болды. Үкімет Бас прокуратураға қаражат жоқ және оны көшіру белгісіз мерзімге кейінге қалдырылады деп мәлімдеді.

Бас прокуратураның материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің бір тобы сол кездегі Ақмолада болды және қажетті базаны дайындаумен тығыз айналысты. Үкіметке қаражаттың болмауы мәселесін Бас прокуратураның арнайы шотын ашу арқылы шешуге мүмкіндік туды, оған прокуратура органдарының әрекет ету шаралары бойынша республикалық бюджетке нақты түскен қаражат сомасының 30%-ы аударылды. Қордың жұмысы ұзаққа созылмады, бірақ ол Бас прокуратураны көшіру мәселесін шешуге көп көмектесті.

Мемлекеттік органдардың облыс орталығының азды-көпті сәйкес келетін ғимараттарын іздеу және бөлу үдерісінде Бас прокуратура Жеңіс көшесіндегі облыстық ауыл шаруашылығы техникасының шағын ғимаратын «қайтарып алуға» қол жеткізді. Сонымен қатар, сол көшеде тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.

1997 жылдың көктемінде қоныс аударудың нақты жоспарын іске асыруға кірістік, қызметкерлердің көшу туралы тілектерін анықтадық. Бір қызығы, орталық аппараттың барлық қызметкерлері жасына, жұмыс өтіліне, отбасылық жағдайына қарамастан Ақмолаға көшуге ниет білдірді. Кеңестердің бірінде мен Бас прокуратураның басшылығынан сол жерде дайындық жұмыстарының барысын бақылап, содан кейін 30-ға жуық адамнан тұратын қызметкерлердің бірінші тобын басқарамын деп шешілді.

Сол кезде Алматыдан Ақмолаға ескі «АН-24» ұшақтары ұшатын, келіп- қону, ұшып-қону шаң басқан жерде жасалатын. Қазіргі заманғы ұшып-қону жолағы енді ғана салынып жатқан. Есіл өзенінің оң және сол жағалауын бір ғана көпір жалғады.

1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес ресми түрде Қазақстанның астанасы мәртебесіне ие болды.

Тұңғыш Президент әрқашан адамдарға қамқорлық жасауды, әл-ауқаттың өсуін, өмір сүру сапасының жақсаруын бірінші орынға қояды. Елорданы көшірудің алғашқы жылдары да осының жарқын мысалы болып табылады.

Орталық мемлекеттік органдарға облыстық ұйымдар мен кәсіпорындардың босатылған ғимараттарына жөндеу және орналастыру тапсырылды, жаңа ғимарат тек қаржы министрлігі үшін салына бастады, ал негізгі күштер мен қаражат мемлекеттік органдардың, мектептердің, балабақшалардың көшіп келе жатқан қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысына жұмсалды. Жаңа тұтас шағын аудандар бой көтерді.

Нәтижесінде, қоныс аударатын мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлері кезек күттірмей жаңа пәтерлерге қоныстанды. Бұған қоса, тұрғын үй жоғары квадратурамен және жайлылықтың жоғары деңгейімен салынған. 1997 жылдың қараша-желтоқсан айларында және 1998 жылдың бірінші жартыжылдығында Бас прокуратураның барлық қызметкерлері пәтер алды.

Н.Ә. Назарбаев жеке өзі қызметтік ғимараттар мен тұрғын үй орамдарын аралап, қарап шықты. Жаңа қоныстанушылармен кездесулерде Нұрсұлтан Назарбаев қалай орналасқандарына қызығушылық танытып, алған пәтерлері Алматыдағы кез-келген пәтерлерінен жақсы екеніне сенімділігі туралы сұрады. Адамдар мұны қуанышпен растады.

1997 жылдың желтоқсанында Н.Ә. Назарбаев құқық қорғау органдарының ғимараттарын аралап, оның ішінде Бас прокуратураға да барды. Астананы көшіруге байланысты барлық қиындықтар мен проблемаларды біле отырып, жаңа Бас про курор Ю.А. Хитрин (С. И. Шуткин құрметті демалысқа кетті) Бас прокуратураның жаңа ғимаратын салу мәселесін көтергісі келді, бірақ батылы жетпеді. Президенттің алдағы келуі туралы хабарлама алғаннан кейін Бас прокуратураның басшылығы кеңесіп, Бас прокуратураның жаңа ғимараттарының эскиздік жобасының екі нұсқасын дайындауды шұғыл ұйымдастыруға шешім қабылдады. Эскиздер Президент оларға назар аударады деп үміттеніп, Ю.А. Хитриннің кеңсесінде көрнекті жерде қойылды.

Президент ғимаратты аралап, Ю. А. Хитриннің кабинетіне кірген кезде, оның көзқарасы шынымен де ғимараттардың эскиздік жобаларына тоқталды, ол жақындап, жобаларда не бейнеленгенін сұрады. Ю.А.Хитрин бұл жаңа астанада салғысы келетін Бас прокуратураның жаңа ғимаратының эскиздік жобалары деп жауап берді. Н.Ә. Назарбаев бұған ештеңе айтқан жоқ, бірақ аз уақыт өткеннен кейін келісімін берді. Бұған қоса, Президент Сейфуллин көшесіндегі жаңа ғимараттың құрылысы барысына үнемі қызығушылық танытты, ал құрылыс аяқталғаннан кейін оны салтанатты түрде ашты. Осылайша Қазақстан прокуратурасының даму тарихында жаңа кезең басталды.

11:22
4606

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020