Қарағанды облысында ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әкімдері 2021 жылғы 25 шілдеде сайланады. «Қарағанды облысының кәсіпкерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Санаубаев алдағы сайлау туралы өз пікірімен бөлісті.
– Дәл қазір осындай сайлау өткізу қажет болатын уақыт келді. Оған өзін өзі ұсынғандар да жіберілетіні өте маңызды. Бұл бәсекелестікті арттырады. Біз бәріміз әкімдер тағайындалмауы керек, олар сайлануы тиіс деп айтамыз, сондықтан халық сайлау процесіне белсенді араласуы керек. Және де еліміздің, облыстың, ауданның, округтің, ауылдың тағдыры үшін жауапкершілік үлесінің бір бөлігін өзіне алуы керек, – деп есептейді Серік Санаубаев.
Спикердің айтуынша, ең бастысы – жақсы адамды ғана емес, сауатты заманауи менеджерді таңдау қажет.
– Біз өте жақсы білімі бар, жеке басының жақсы қасиеттері бар білімді адамды ғана емес, сонымен қатар тыңдай білетін және жұмыс жасай алатын заманауи менеджерді таңдауымыз керек. Сайланған әкім барлық уәделерін орындауы тиіс. Бұл жерде халықтың көмегі мен қолдауы аса қажет. Біз ел азаматтары ретінде сайлаудың лайықты деңгейде өтуіне ықпал етуіміз керек. Мемлекет өз қадамын жасады, енді іс біздің қолымызда, – деп атап өтті Серік Санаубаев.