Әкімдердің алғашқы тікелей сайлауының өтуіне екі аптадай уақыт қалды. Бүгін, яғни 9 шілдеде кандидаттарды ұсыну аяқталады. Ауыл әкімдігіне үміткерлердің нақты саны 14 шілдеде 18.00-ден кейін ғана белгілі болады. Қазақстан өңірлеріндегі әкімдерді сайлауға дайындық жұмысы қалай өтіп жатқаны туралы толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
Үміткерлер саны туралы мәлімет күн сайын жаңарып отыр. 25 маусымда аудандық сайлау комиссияларының шешімімен еліміздің 14 өңірінің 176 ауданы 730 сайлау округінде сайлау өткізу жөнінде шешім қабылданды.
Кейбір өңірлерде бәсекелестік болатыны байқалады. Себебі, сайлауға 4 саяси партия ат салысуда. Олар Қазақстанның Халық партиясы, «Adal», «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстанның ең ірі президенттік «Nur Otan» партиясы.
Науқан басталғалы бері республика бойынша барлығы 2322 кандидат тіркелген. Оның ішінде 7 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, 102 кандидат ауыл әкімдігіне ұсынылған. Атап айтқанда, 1455 адам (62,7%) – өзін-өзі ұсынғандар болса, 867 адамды (37,3%) саяси партиялар ұсынған.
Саяси партиялардың ішінде ең көп кандидат — 588 адамды (67,8%) «НұрОтан» партиясы, 100 адамды (11,5%) «Ауыл», 70 адамды (8,1%) ҚХП, 56 адамды (6,5%) «ADAL», 53 адамды (6,1%) «AQJOL» партиялары ұсынды. Алайда, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бір де бір кандидат ұсынбаған.
Ақмола облысы
Сайлау жарияланған округтер санының ең көп кандидаттар саны Ақмола облысында. Шілденің соңында 95 әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталады. Олардың екеуі — облыстық маңызы бар Ерейментау және Державинск қалаларының әкімдері. Ақмола облысы болашақ жаңа әкімдердің саны бойынша бірінші орында. Дауыс беру 200 елді мекенде өтіп, 100 мыңға жуық ауыл тұрғындарын қамтиды. Аймақта шілденің басында саяси партиялар 29 кандидат ұсынылатындығын жариялады, тағы 13 адам өзін-өзі ұсынуда. Өңірде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 238 сайлау комиссиясы — 20 аумақтық және 218 учаскелік комиссия қатысатын болады. Сайлау 153 мыңнан астам адам тұратын 227 елді мекенде өтеді.
Сондай-ақ, Ақмола облысында 239 ауылдық деңгейдегі әкім бар, оның 95-ін 25 шілдеде төрт жылдық мерзімге сайлау жоспарлануда.
Алматы облысы
Алматы облысының 222 мыңнан астам тұрғыны дауыс беруге қатысады. Сайлау процесі 71 ауылдық округте өтеді. Райымбек ауданында, Талдықорған және Қапшағай қалаларында бос округтердің жоқ болуына байланысты ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізілмейді. Бүгінгі күні әкімдікке 243 кандидат ұсынылды, оның ішінде 167 — өзін — өзі ұсынған, 57 — кандидатты «Nur Otan» партиясы, 13 – «Адал» партиясы, 3 – «Ауыл» ХДПП, 3-ҒПК ұсынған. Оның басым бөлігі Еңбекшіқазақ, Ақсу, Алакөл, Балқаш және Ұйғыр аудандарына тиесілі. Нақтырақ айтар болсақ, Ақсу ауданы бойынша 9 әкім, Алакөл – 8, Балқаш — 6, Еңбекшіқазақ – 10, Ескелді – 1, Жамбыл – 2, Іле – 1, Қарасай – 1, Қаратал – 2, Кеген – 5, Кербұлақ – 4, Көксу — 4, Панфилов — 4, Сарқан — 3, Талғар-4, Ұйғыр-6, Текелі қаласы-1 сайланатын болады. 60 әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталды. Тағы бесеуі басқа жұмысқа ауысты. Кандидаттарды ұсынудың алғашқы күндерінде 20 өзін-өзі ұсынған адам тіркелді.
Кандидаттардың арасында мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, уақытша жұмыс істемейтін қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері де бар. Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары 188 кандидаттың қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігін анықтаған. Алайда, 9 кандидат сәйкес келмеген. Тағы бір адам өз кандидатурасын алып тастаған. Өңірде сайлауға 220 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарлап отыр. Барлығы 17 аумақтық және 198 учаскелік сайлау комиссиялары, 1451 сайлау комиссияларының мүшелері жұмылдырылған.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлауға 260 кандидат ұсынылған. Тікелей сайлау 149 елдімекенде өтеді. Төрт жылдық мерзімге 75 ауыл әкімі сайланады. Облыс тұрғындары белсенділік танытып, 260 кандидат ұсынылды. Олардың 185-і өзін-өзі ұсынған, ал 75-і саяси партиялардан. Ең көп үміткерлерді Nur Otan – 61 ұсынды. Қазақстан Халық партиясы — 7 адам, «Ауыл» – 5, «Адал» – 2.
Ақтөбе облысы
Өңірде 74 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Ауыл тұрғындары 35 әкім таңдайды.Ақтөбе облысы бойынша кандидаттарды тіркеу жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде аумақтық сайлау комиссиялары 111 адамның өтінішін қабылдап үлгерді. Оның 64-і партия, 47-і өзін-өзі ұсынған. Олардың 62-і мемлекеттік қызметкер болса, 28-і бюджеттік саладан екені белгілі болған. Қазіргі әкімдердің 10-ы да қайта сайлауға түсуге ниеттеніп отыр.
Атырау облысы
Сайлау 18 ауылдық округ пен алты ауданда өтеді. Айта кетейік, өңір халқының 60% — дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Қазірдің өзінде 31 өзін-өзі ұсынған азамат ауыл әкімі лауазымына үміткер болып отыр.
Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-ның 16 ауданында тікелей дауыс беру арқылы 77 әкім сайланады.
Жамбыл облысы
Өңірде әкімдерді сайлау 2021 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін жоспарланған. 25 шілдеде 41 — ші ауылдық округтің 38-інде тікелей сайлау өтеді. Тұрғындар 97 сайлау учаскесі арқылы дауыс бере алады.
12 аумақтық сайлау комиссиясы, 77 аумақтық сайлау комиссияларының мүшесі, 97 сайлау учаскесіндегі 647 сайлау комиссияларының мүшелері қызмет көрсететін болады.
Батыс Қазақстан облысы
Өңірде бір күнде 31 әкім сайланады. Олардың кейбіреулері аудан басшыларына айналады. Облыстың 40 мыңнан астам тұрғыны дауыс береді. «Nur Otan» партиясынан 14 өтініш келіп түсті, кандидаттар саны бойынша екінші орында «Ауыл» партиясы, ол 7 кандидатты ұсынған. Сондай-ақ, 22 өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған. 84 ауылда әкім сайлауына дайындық жүріп жатыр. Өңірде барлығы 151 әкім болса, солардың 31-інің өкілеттік мерзімі аяқталуы жақын.
Қостанай облысы
Әкімдерді сайлау 65 ауылдық округте өтеді.
Әзірге 132 адам өз ұсыныстарын білдірген. Өзін-өзі ұсынғандар Мендіқара және Федоров аудандарында, сондай-ақ Арқалық қаласында белсенді байқалады. Ал, Наурызым ауданында төрт ауылдың әкімі сайланады. Мұнда әзірге төрт адам өзін өзі ұсынған. Олар лауазым талаптарына қаншалықты сай келетіні тексерілгеннен кейін ғана үміткер ретінде тіркеуден өтеді. Аудандық сайлау комиссиясының жұмысына 30 адам тартылған.
Қызылорда облысы
Өңірде өзін-өзі ұсынған 41 адамның ішінде 39 ер адам және екі әйел бар. Ең жас кандидат 28 жаста. Облыста барлығы 40 әкім сайланады. Ең жас кандидат — 28 жаста болса, ең үлкені — 58 жаста. Үміткерлер арасында мұғалімдер — 14, заңгер — 10, экономиқа-қаржы маманы — 7, инженер-технолог — 3, ІТ-технология маманы — 2 адам болса, сондай-ақ, бірнеше өзге саланың мамандары да бір-бірден әкім болуға ниетті. Қазіргі таңда өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 19-ы мемлекеттік қызмет заңнамасымен қойылған біліктілік талаптарға сәйкес клетіндігі анықталған.
Маңғыстау облысы
Маңғыстауда ең аз әкімдер сайланады. Мұнда алғаш рет тікелей сайлау 10 ауылдық округте өтеді. Шілде айының басында 22 үміткер өз кандидатураларын ұсынған.
Нақтырақ айтар болсақ, Бейнеу ауданында Сарға, Есет, Төлеп, Сам ауылдық округтарының әкімдері сайланатын болады. Осы округтерде 5 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны — 2380 адамды құрайды. Қарақия ауданында Құланды ауылдық округінің әкімі сайланады. Округта 1 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны –837 адам. Маңғыстау ауданында 4 ауыл әкімі сайланады, олар Жармыш аулы, Қызан ауылы, Онды ауылдық округі мен Тұщықұдық ауылдық округі. Онда 5 сайлау учаскесі болады. Сайлаушылар саны – 4040 адам. Түпқараған ауданы бойынша – 3 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны 6502 адамды сұрайды. Ақшұқыр ауылының әкімі сайланады. Барлығы 4 аудан бойынша 13759 сайлаушы қатысады.
Павлодар облысы
Алғашқы тікелей дауыс беруде 44 ауыл әкімі сайланады.Елді мекендерде 140 сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның ішінде 14 — аумақтық және 126 — учаскелік. Жалпы комиссияларда 758 адам жұмыс істейтін болады.
Солтүстік Қазақстан облысы
өңірде барлығы 13 ауыл, аудандық маңызы бар төрт қала және 190 ауылдық округ бар. Алайда осы жолы сайлау төрт жылдық өкілет мерзімі аяқталған және өз қызметін мерзімінен бұрын бітірген ауыл округтері әкімдерінің арасында өтеді.
Солтүстік қазақстандықтар 71 ауылдық округ әкімін және Мамлютка қаласының бір әкімін таңдайды. 225 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Оның ішінде Nur Otan партиясынан – 58, «Ауыл» – 3, «Ақ жол» – 2, «Адал» – 3, Қазақстан халық партиясы – 5 және 154 азамат өзін-өзі ұсынған.
Түркістан облысы
Алғашқы тікелей сайлау 60 ауылдық округте өтеді. Әкім лауазымына 230 адам үміткер болып отыр. Олардың тек 76-сы-саяси партиялар, қалғандары-өзін-өзі ұсынған адамдар.
Айта кетейік, 14 шілде күні кешкі сағат 18:00-ден кейін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталады.
14-23 шілде аралығында болашақ әкімдер халыққа шығып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсына алады. Әрбір кандидат үгіт-насихат шығыстарына 220-230 мың теңгеден алады (сомасы елді мекенге байланысты).
Nur Otan партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институтының зерттеуі көрсеткендей, сайлау туралы барлық ауыл тұрғындары әлі біле бермейді, сондықтан үміткерлерге дауыс берудің маңыздылығын жеткізу керек. Сонымен қатар, осы сайлауда сайлаушыларға барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.
https://strategy2050.kz/news/saylau-2021-irlerde-ansha-kim-saylanady/