​Жезқазған қаласы Талап ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы бойынша ХАБАРЛАМА

Жезқазған қаласы Талап ауылдық округі Талап ауылының

әкімін сайлауының қорытындысы бойынша

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 25 шілдеде Жезқазған қаласы Талап ауылдық округінің Талап ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Жезқазған қалалық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде, Жезқазған қаласы Талап ауылдық округінің Талап ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы қорытындыларын белгіледі:

Талап сайлау округі

Жезқазған қаласы Талап ауылдық округі Талап ауылының

әкімін сайлау бойынша

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 502 азамат енгізілді, олардың 423-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» деген жолға белгі қойылған — 22.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Қ.М. Бапанов – 310; Ш. Ж. Нұрбек – 54; Г. А. Үсенова – 35.

Жезқазған қаласы Талап ауылдық округінің Талап ауылының әкімі болып Қайрат Мұратбекұлы Бапанов сайланды, 1975 жылы туған, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ, Жезқазған қаласында тұрады, «NurOtan» партиясы» ҚБ ұсынды.

Жезқазған қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен, 2021 жылғы 25 шілдеде Жезқазған қаласы Талап ауылдық округінің Талап ауылының әкімі болып сайланған Қайрат Мұратбекұлы Бапановты тіркеді.

Жезқазған қалалық сайлау комиссиясы

14:53
1458

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020