ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАУІПТІ АУРУДАН ІРІ ҚАРАЛАР ӨЛУДЕ

Шет ауданының жеке шаруа қожалықтарында инфекциялық ринотрахеит және вирустық диарея таралуда. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні қауіпті індеттің белгілері 775 бас ірі қарадан анықталып, 6 бас сиыр өлген.

Қауіпті індеттің алғашқы белгілері туралы хабарлама Шет аудандық ветеринария станциясына 2 қараша күні түскен. Онда Ақжал кентінің жеке шаруа қожалықтарында 10 бас ірі қараның ауырғаны айтылған. Қарағанды облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, келесі белгілер 8 қарашада Шет ауданының көршілес елдімекендерінде көрініс берді. 2 қарашадан бүгінгі күнге дейін 775 бас ірі қарада ауру белгілері байқалды. 

Оның ішінде Ақжал кентінің жеке шаруа қожалықтарында – 164, Ақшатау ауылында – 44, Мойынты кентінде – 117, Киікті ауылында – 66 (6-уы өлген), АқсуАюлы ауылында – 366, Босаға ауылында – 18 бас ауырған. Ветеринарлық станция мамандары індетке шалдыққан 20 бас ірі қарадан сынама алынып, оны ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жіберген. Ақжал кентінде алынған сынамаға сәйкес, инфекциялық ринотрахеит және вирустік диарея қорытындысы шығарылды. Аталмыш елдімекенде карантин жарияланды. Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі материалынан ықшамдалып аударылды

23:36
782

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020