Еліміздің жаңа Премьер-министрі – Әлихан Смайылов. Мәжілістің жалпы отырысында Президенттің ұсынған кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Жаңа Үкімет басшысы бұған дейін Премьер-министрдің міндетін атқарды. Ол 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Статистика жөніндегі комитет төрағасы, Президент көмекшісі, Қаржы министрі қызметтерін атқарды. 2019 жылдың 25 ақпанында Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалған болатын.