ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырғанын еске алды .
«Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы — Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.