YDD Corporation Қарағанды ферроқорытпа зауыты төтенше жағдай барысында мемлекет әрекеттерін қолдау үшін құрылған Қарағанды облыстық қорына 100 миллион теңге бөлді.
Кәсіпорын акционерлері Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің игілігі үшін ортақ іске ат салысып, COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету туралы үндеуін қолдап, өз үлестерін қосуға шешім қабылдады.
— Қазір біз барлығымыз бірігетін уақыт. Біздің кәсіпорын да шетте қалып қоя алмады. Біз қазақстандықтар мен еліміздің экономикасын қолдау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз, — деді YDD Corporation акционері Ерлан Нығматулин.