Өткен жылдың қараша айында Сәтбаев қаласында орын алған жантүршігерлік кісі өлімі біраз жұртты елең еткізіп, қарсылық тудырған еді. 28 жастағы Дәулетбек Алтынбековті өз танысы кафеде пышақтап кеткен болатын. Көп мөлшерде қан жоғалтқан Дәулетбек қайтыс болды. Марқұмның туыстары қылмыскер лайықты жазасын алуын талап етіп жанұшыруда.