Әкімдер жұмысын бағалауға арналған akimy.kz қосымшасы туралы естіп пе едіңіз? Аталған қосымша андройд пен айфон үшін де қолжетімді. Сонымен «біздікілер» рейтингтің қай тұсында жүр?
Облыс әкісі Жеңіс Қасымбек — «минуста». Ол облыс әкімдері арасында дауыс халықтың дауыс беру көрсеткіші бойынша — 29 балмен соңынан санағанда 4-орынға тұрақтаған. Көш басында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұр.
Қала әкімдерінің арасында 1-орында Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой ешкімді шаңына ілестірер емес. Жезқазғанның әкімі Қайрат Әбсаттаров -30,60 балмен соңғы орындарға жайғасыпты.