Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Қызылжар ауылында өрт 5 жасар егіздердің өліміне себеп болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 8 шаршы метр аумақтағы жеке үй өртеніп, іште қалған егіз балалар ыстан уланған. Өрт электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан.