ҰРЫНЫ ҰСТАУҒА 71 ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕР КӨМЕКТЕСТІ

30 қаңтар күні Сәтбаев қаласы полиция басқармасына күзет қойылмаған мекемеде ұрлық жасалып жатқандығы туралы ақпарат түскен. Бұл туралы 71 жастағы зейнеткер әже хабар берген. Оқиға орнына дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары «ГАЗель» көлігімен металл бұйымдарды жымқырмақ болған 29 жастағы баукеспені құрықтап үлгерді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып, зардап шеккен тарапқа келген шығын мөлшері анықталуда.

20:23
497

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020