ЕСЕЛІ ЕҢБЕК – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

Қала басшылығы Қазақстанның Құрметті журналисі, ақпарат саласының үздігі, әріптесіміз Амандық Рахұлы мен саналы ғұмырын құқық қорғау органдары саласына арнаған Николай Яреськоны мерейтойларымен құттықтады.

Саналы ғұмырын елдің дамуы мен өркендеуіне арнаған қос мерейтой иесі зейнетке шықса да аттан түскен жоқ. Төккен тер, еткен еңбек елеусіз емес. Амандық Рахұлы мен Николай Яреськоны Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қазанбаев құттықтап, ақжарма тілектерін ақтарды. 

Адам баласы үшін зейнетке шығып бейнетінің жемісін көру бір бақыт болса, ғұмырын ғибратпен өріп, айналасының алғысына кенелу мың бақыт десек, артық айтқандық емес. Журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар әріптесіміз Амандық Рахұлының өмірі мен еңбек жолы туралы қарымды қаламгер Абдолла Дастановтың қаламынан туған «Тарпаң тірліктің тынымсыз торысы» атты мақаласынан кеңірек оқи аласыздар. 

Жаннұр ТӨЛЕНДІҚЫЗЫ

11:21
1133

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020