Ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков», КСРО-ның санитарлық қорғаныс саласының үздігі медалдарымен марапатталған Нина Виноградова өмірден озды. Ол — Жезқазғандағы Ұлы Отан соғысының қасіретін өз көзімен көріп, майдан алаңында от кешкен көзі тірі екі ардагердің бірі еді.
Қазіргі таңда Жезқазғанда ең соңғы соғыс ардагері Иван Артеменко ғана қалды.