АУҒАН СОҒЫСЫ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

15 ақпан — ауған соғысының аяқталған күні. Сарыарқа аймағынан орта шығыс еліне 112 жезқазғандық жауынгер аттанған. Соғыс алаңында Асылбек Мамажанов, Виктор Тарадай, Ғибадат Құттыбаев, Манарбек Сансызбаев, Николай Морозов ерлікпен қаза тапты. 22 ауған соғысының ардагері елге оралғаннан кейін қайтыс болды. Бүгінде 85 ардагер қалды. 

Жылдағы дәстүрге сай жезқазғандықтар ауған соғысы құрбандарына арналған ескерткіш алдына жиналып, батыр жерлестерін еске алып, гүл шоқтарын қойды. 

Жиында қала әкімі Қайрат Әбсаттаров Ресейде жасалған «Афганская слава» медалін соғыс ардагерлері Дәулет Әлібековке, Вячеслав Жарковқа және Жолдасбек Оразбаевқа табыстады.

14:44
660

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020