Тоқаев сұхбатында не айтты. Дәйексөздер:
⠀
— Қарақшылар мыңдаған қаруды ұрлап кеткен, полиция оларды әлі іздеп жатыр. Әлі бүкіл қару-жарақ табылған жоқ. Қайта қолданылу мүмкін деген болжам бар.
— Жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген адамдар coup d’etat жасамақ болды. Бұл француз тілінен аударғанда мемлекеттік төңкеріс.
— Алматыға қарақшылар сырттан келді. Олар реформаның бағытын өзгерткісі келді. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді.
— Біз халықтан ештеңе жасырмаймыз. Азаматтар қауіпсіздігіне, елдің тұтастығына қауіп төнді.
— Террористер мен қарақшыларды халық қаһарманы және батыр деуге болмайды.
— «Путинге қарыз боп қалдық» деген бос әңгіме, оны тоқтату керек.
— Екі мемлекет басшылығы арасында ешқашан аумақтық даулар болған емес. Путин мені аумақтық мәселе ешқашан көтерілмейді деп сендірді.
— Назарбаев мемлекеттігіміздің негізін салды… Біз оның қызметіне әділ баға беруге міндеттіміз. Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, одан жас басшылар сабақ алуы қажет.
— Досаевтың бизнес пен мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Ол іскер, еңбекқор адам. Біз оған жұмыс істеуіне мүмкіндік беруіміз керек.
— Бізге «саяси тазарту» қажет емес.
— Мемлекеттік басқару саласына бірте-бірте жаңа адамдар келеді. Бұл табиғи процесс және ол қазірдің өзінде жүріп жатыр. Бірақ мемлекеттік қызмет тәжірибе алаңы емес!
— Өкінішке қарай, кейбір журналистер жалған ақпарат таратып, ел мүддесіне қайшы жұмыс істеп жатыр. Соңғы кездері деструктив позицияны ұстанатын блогерлер көп.
— Менің басты мақсатым — экономикада болсын, саясатта болсын, барынша монополиядан арылу. Біз олардан толығық құтылуымыз керек.
— Бұл қиын әрі ұзақ процесс болады. Бірақ әділдікке жету үшін бұл жұмысты бастауымыз керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару керек.
— Сайлауға қатысатыным немесе қатыспайтыным туралы мәлімдеуге ерте санаймын.
— Менің кітабым бойынша фильм түсірмекші деп оқыдым. Мен ешкімге ондай тапсырма берген емеспін және бұлай етпеймін де. Шынымды айтсам, мұндайды құптамаймын.
— Мен күнделік жүргіземін, соған өз ойларымды жазамын. Болашақта қазіргі өміріміз туралы үлкен кітап жазуды жоспарлап отырмын.