Ақпан айының басынан бастап Жезқазған қаласында "Қару" жедел алдын алу шарасы өтуде. Қаңтар оқиғасында орын алған тәртіпсіздіктердің соңы қан-төгіске ұласқаны белгілі. Оның бір себебі — бүлікшілердің заңсыз қару-жарақты пайдалануы және дүкендерді тонауы. Мұндай тәртіпсіздік біздің қаламызда да орын алмауы үшін азаматтар заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен өзге де қауіпті, суық қаруларды құқық қорғау органдарына табыстауға міндетті. Заңсыздық анықталған жағдайда ҚР Конституциясының 482-бабына сәйкес айыппұл салыну және 287-бабымен 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасына тап болатынын есте шығармағаны жөн.