ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ӨКІЛЕТТІГІН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

Дариға Назарбаева Мәжіліс депутатының өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін", — делінген хабарламада.
16:01
1198

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020