Қарағанды да жалған жүргізуші көлігімен автобус жүргізген ер адам ұсталды. Қазіргі таңда оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Желіде оқушыға қол көтерген кондуктор туралы бейнежазба қызу талқыға түскен еді. Тәртіп бұзған кондуктордың ісін сотқа жөнелту барасында автобус жүргізушісінің де құжаттары тексерілген. Нәтижесінде 25 жастағы жігіт автобусты жалған жүргізуші көлігімен тізгіндеген болып шықты. Бүгінде оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес «Жалған құжат жасау» айыбымен іс қозғалды.