ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ КЕЗІНДЕ ҚИРАҒАН ПРЕЗИДЕНТ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ СҮРІЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер қиратқан Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы бүлікке дейін ғимараттың қасбетін қайта жаңарту жоспарланған болатын.
18:44
917

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020