Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов еліміздегі ауасы ең қатты ластанған қалалар тізімін атады. Оның айтуынша, 2021 жылы жүргізілген экомониторинг негізінде Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларындағы атмосфералық ластану деңгейі өте жоғары.
«Алматы мен нұр-Сұлтан қалаларындағы ластанудың негізгі себебі — жылу-электр орталықтарына, автотранспорт пен жеке секторларға тікелей байланысты. Өскемен мен Теміртаудағы ауа өнеркәсіп салдарынан ластануда. Ал Ақтөбе мен Атырау қалалалында кәріздік тазалау желілерінің ескіргендігінен атмосфера бұзылып отыр», — дейді Зулфухар Жолдасов.