Кейбір қалаларда қантқа байланысты дүрбелең басталған.
БАҚ мәліметінше, Қарағандыда қант сатылымы 5 есе артқан. Ал Атырауда "үй жанындағы" дүкендерде сұранысқа байланысты бағаны көтеріп жіберген.
Шенеуніктер бұл «жасанды» жағдай екенін айтады және сабыр сақтауды сұрайды.
Ұлттық экономика министрлігі тұрақтандыру қорларында қант қоры барын хабарлады.
Жезқазған қаласындағы ірі азық-түлік желілері мен дүкендерде де қант қоры таусылған.