Жезқазған Ұлытау облысының орталығы болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.
«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», — деді Президент.